Атырауда 9 мамырда өткен жарысқа 80 авто мен мотоцикл қатысты

187

Автомотожорық 9 мамырда ұйымдастырылды. Автокөліктер легі Атыраудың орталық көшелерімен және шетімен жүріп өтті. Шара рекордтық көрсеткіштегі қатысушыларды жинады. Бұл туралы Атырау облысының Өңірлік коммуникация қызметі хабарлайды. 

— 30 мотоцикл мен 50 автокөлік тулармен, әскери бейнемелермен безендендіріліп, әуежай аумағынан жол бастады. Ондаған шақырымды жүріп өткен көліктер легі жолды Жеңіс саябағында аяқтады, — дейді «Wheels Brothers MC Atyrau» атыраулық мотоклуб қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Олег Шмаль.

Шара барысында жорыққа қатысушылар Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойып, соғыс құрбандарын еске алды.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *