Блогерлер барлық кандидатты бірдей насихаттауы тиіс

146

Блогерлер 2019 жылдың 9 маусымында өтетін кезектен тыс президенттік сайлауға кандидаттарды бірдей насихаттауы тиіс. Бұл туралы бүгін ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Зәуреш Баймолдина айтты.

Блогерлер 2019 жылдың 9 маусымында өтетін кезектен тыс президенттік сайлауға кандидаттарды бірдей насихаттауы тиіс. Бұл туралы бүгін ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Зәуреш Баймолдина айтты.

Сөз блогердің барлық кандидатқа бірдей мүмкіндік ұсынуы тиістігі төңірегінде болып отыр. Кез келген БАҚ теңдей мүмкіншілік беруге міндетті. Айталық, егер ол кандидаттың бірі жайында жазса, онда сол сондай мүмкіндікті өзге де кандидаттарға беру тиіс. Дегенмен бұл барлық кандидаттар мұндай пайдаланды дегенді білдірмейді ғой. Ең бастысы бұқаралық ақпарат құралдары барлық шарттар жайында жариялау керек», — деді ол ОСК отырысынан кейін БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында. Оның атап өтуінше, бір кандитатты қолдап, екіншісін қолдамауға шақыру бұл ұстанымның бұзылуы болып есептелінеді. Айта кетейік, 11 мамыр күні сағат 18:00-ден кейін Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы алдындағы үгіт-насихат шаралары басталды. Заңға сәйкес сайлауалды үгіт-насихат 8 маусымға дейін жалғасады. Ол күн тыныштық күні болады. Ал ертеңінде, яғни 9 маусымда таңғы сағат 07.00-ден кешкі 20.00-ге дейін дауыс беру науқаны жүреді. Дауыс санау 12 сағаттың ішінде атқарылады.

inform.kz 




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *