Президенттікке үміткерлер бюджет қаржысын қалай жұмсайды?

2352

Маусымның 9-ында өтетін Қазақстан республикасының кезектен тыс Президент сайлауына қатысып жатқан әрбір үміткерге ел қазынасынан 7 331 200 теңге бөлініп отырғаны аян. Орталық сайлау комиссиясы ол қаржының қалай жұмсалатындығын мәлім етті. Сөйтіп үгіт насихат жұмыстарына ең көп қаржы бұл жолы да телеарналарға бөлінбек. Қаржының 70 пайызы, яғни, 5 миллионнан астамы теленасихатқа жоспарланып отыр екен. Интернеттің қоғам санасына ықпалы бұл жолы да ескерілмепті, мерзімді басылымдар мен интернет сайттарына бөлінетін қаржы 10 пайыздан сәл ғана асады. Яғни, 810 мың теңге. Радиодағы үгіт-насихат жұмыстарына 2 пайыз қаржы қарастырылған. Ол бар жоғы 200 мың теңге.

 

Есен Байнұр.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *