БАЛАМАЛЫ ЭНЕРГИЯ — БОЛАШАҚТЫҢ ЭНЕРГИЯСЫ

281

Энергия қорларын үнемдеу бүгінгі күннің аса маңызды міндеттерінің бірі болып отыр. Өнеркәсібі дамыған әлемнің барлық мемлекеттерінде энергия үнемдеу шаралары дұрыс жолға қойылған. Өйткені көмірмен және көмірсутегімен жұмыс істейтін жылу электр станциялары түбі бір экологиялық проблемалардың орын алуына әкеп соқтыратыны ақиқат. Соңғы жылдары елімізде де энергия көздеріне энергетикалық кешенді дамытудың бір тармағы ретінде қарап, мемлекет пен бірқатар бизнес құрылымдар тарапынан оны қолданысқа енгізуге зор күш салынып жатыр. Мұндай тиімді тың жаңалықтан ауданымызда шет қалғысы келмейді.
Елбасы Н. Назарбаев «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты»атты Жолдауында: «Біз энергияның баламалы түрлерін өндіруді дамытуға, Күн мен желдің энергиясын пайдаланатын технологияларды белсенді енгізуге тиіспіз»,- деген еді. Осыған орай бүгін Шілік ауыл округіндегі Әліп Қылышбаевтың шаруа қожалығында «Таза ауа» ЖШС-ның желден қуат алатын шағын электр станциясы жобасының таныстырылымы өтті. Аталмыш шараға ауыл әкімдері, шаруа қожалығының басшылары, кәсіпкерлер және аудан әкімі Ерлан Айтаханов арнайы қатысты.
Көпшілікке баламалы энергия көзін өндіретін құрылғы жөнінде сөз еткен «Таза ауа» ЖШС-ның өкілдері тың жобаның күніне желдің қуатына байланысты 5 – тен 25КВт энергия көзін өндіретіндігін, шағын станция күтімді аса қажет етпейтіндігін аттап өтті.
Жел электр құрылғысының жылжымалы да түрлері де бар екен. Бұл әсіресе электр желілері тартылмаған шалғайдағы шаруалар үшін өте тиімді. Жалпы көпшілікке таныстырылған баламалы энергия көзіне қажетті табиғи жел ауданымызда жетіп артылады. Елімізде жасалып жатқан шағын баламалы электр құрылғысының құны шамамен 3 млн теңгенің төңірегінде. Аталмыш жобаға қызығушылық танытқан  отырарлық шаруалар мен кәсіпкерлер баламалы электр энергиясының қуаттылығы мен тиімділігі жайында сауалдарын қойып, мамандар тарпынан тұщымды жауаптар алды.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *