«Balapan» бір балапанынан айырылды

260

«Balapan» телеарнасының бір балапаны көз жұмды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы балалар жазушысы, әдебиет сыншысы Елдос Тоқтарбай өзінің фейсбуктегі парақшасында жазды.

«Ауыр қаза… Талантты бала еді… Рамазан айында дұға етіп едік… Орны толмас өкініш… Қысқа ғұмыр… Не деген ауыр еді… Алла алдынан жарылқасын! Ата- анаңа, туғандарыңа сабыр берсін!» делінген жазбада.

Еске салсақ, осыдан бірнеше күн бұрын әлеуметтік желідегі аға-апалары Құтжан Бағланның апатқа түсіп, ауыр хәлде жатқанын жазып, халықта дұға тілейік деген жазбалар қалдырып еді.

«Апат айтып келмейді ғой… Екі күн бұрын 13 жасар Құтжан Бағлан Ғалымбекұлы есімді балақай жол апатына түсті.

Бағлан Балапан арнасындағы «Ойлан, тап!», «Біз де бал болғанбыз», «Қуыр, қуыр, қуырмаш», «Дұрыс-бұрыс» бағдарламаларын жүргізген, талабы таудай таланты бала. Сондай-ақ, Қазақ радиосында «Балдәурен» балалар бағдарламасын жүргізді.

Өзі велоспортқа да қатысады. Спорт шеберіне үміткер. Осы спорттың кезекті жаттығуы барысында спорттық велосипедпен жол жиегінде келе жатқанда, жүк көлігімен соқтығысып, өте ауыр жарақат алды. Қазір өмір мен өлім арасында, өте ауыр жағдайда (комада) жатыр.

Қадірменді ағайын, Жаратушы Алла Тағаладан баланың амандығын тілейік. Оқыған намаз, Құранымызда һәм Тарауық намазында осы баланың денсаулығын дұғаға қоссаңыздар. Қасиетті Рамазан айындағы дұға-тілектеріміз қабыл болсын!» деген мәтіндегі жазбаларды көптеп таратып, күллі қазақ кішкентай балақай үшін дұға тілеген еді.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *