Қазақстандағы бірқатар өткізу бекеттері жаңғыртылады

1618

Қазақстандағы бірқатар өткізу бекеттері жаңғыртылады, деп хабарлайды ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті.

Комитет таратқан мәліметтерге қарағанда, биылғы жылдың мамыр айының 10-11 аралығында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің жауапты хатшысы Е.К. Жамаубаев пен Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы М.Е. Сұлтанғазиев Түркістан облысындағы «Б.Қонысбаев» және «Жібек жолы» өткізу бекеттерінің тыныс-тіршілігімен танысу мақсатында іссапарға барды. Сапар барысында министрлік өкілдері құрылыс ұйымының қызметкерлерімен кездесіп, «Б.Қонысбаев» өткізу бекетінің жаңғыртылатын аумағы мен «Жібек жолы» өткізу бекетіне жақын жерге жоспарланған автовокзал құрылысын қарап шықты. «Б.Қонысбаев» өткізу бекетін жаңғырту шеңберінде өткізу бекет аумағы 3,6 гектардан 6 гектарға дейін кеңейтуге, автокөлік құралдарына арналған қозғалыс жолақтарын 2-ден 8 жолаққа көбейту жоспарлануда. Өткізу қабілеті тәулігіне 120-дан 500 жүк автокөлік құралдарына дейін артады. «Жібек жолы» өткізу бекетіне жақын жерде төлқұжаттық және кедендік бақылау жүргізу үшін жолаушылар терминалы бар заманауи автовокзал құрылысын жүргізу жоспарлануда. Бұл өткізу бекетінің қабілеті екі есеге артып, тәулігіне 50 мың жеке тұлға өткізілетін болады. Өткізу бекеттерін жаңғырту, оның  қабілетін арттыруға әсер етіп,  мемлекеттік бақылау жүргізу уақыты 25 минутқа дейін азаяды.

Дереккөз: inform.kz




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *