Каспий теңізі суасты мәдени мұраны қорғау жөніндегі мәселелері талқыланады

451

21-23 мамыр айында Каспий аймағындағы суасты мәдени мұраларын қорғау жөніндегі Алматы қаласында бірінші аймақтық кездесу өтеді. Iс-шараны ЮНЕСКО-ның Алматыдағы Кластерлік Бюросы мен Париждегі суасты мәдени мұраны қорғау жөніндегі 2001 жылғы Конвенцияның Хатшылығымен бірлесе отырып ұйымдастырады.

Іс-шараның негізгі мақсаты – суасты мәдени мұраны қорғаудың маңыздылығы және ЮНЕСКО-ның 2001 жылғы суасты мәдени мұраны қорғау туралы конвенцияны адамзаттың осы құнды мұраларды қорғау және оны болашақ ұрпаққа жеткізудің негізгі құралы екені туралы хабарлау.
Бұл кездесуде Каспий теңізі маңындағы елдер бірігіп, өз елдеріндегі және жалпы аймақтағы суасты мәдени мұрасын қорғау мен әлеуетін талқылауға мүмкіндік береді. Бұл өңірлік кездесу дамудың негізгі басымдық бағыттарын айқындап беруіне көмектеседі. Кездесуге Каспий аймағындағы елдерден мәдени мұраны қорғау саясатын жүзеге асыруға жауапты билік өкілдері мен сарапшылар, сондай-ақ ЮНЕСКО істері жөніндегі Ұлттық Комиссиясы, археологтар және мәдени мұра мамандары қатысады.

Іс-шараның өту күні: 2019 жыл 21-23 мамыр, сағат 09:00-де.

Өтетін орны: «РИКСОС АЛМАТЫ» қонақ үйі, «№1» мәжіліс залы (1-ші қабатта).

Мекен-жайы: Алматы қаласы,  Сейфуллин даңғылы, 506/99 үй, 050012




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *