Жоңғар Алатауында Сиверс алмасының гүлдеуіне арналған фестиваль өтті

3498

Алматы облысындағы Сарқан ауданында орналасқан Жоңғар Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің Сарқан филиалы аумағында Алматы облыстық туризм басқармасының ұйымдастыруымен «Сиверс алмасының гүлдеуі» атты фестиваль өтті. 

Сиверс алмасының гүлдеуі. ©Жоңғар Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі

Сиверс алма ағашы көктемнің соңғы айларында гүлдейді. Бұл аламның түпкі атасы. Сондықтан, биыл екінші рет ұйымдастырырылып отырған шара, туристтердің, қоғамның, жергілікті тұрғындардың осынау табиғи байлыққа назар аударып, оның жойылып кетпеуіне экологиялық мәдени ықпал ету. Фестиваль барысында тек Жоңғар Алатуында өсетін емдік өсімдіктердің көрмесі қойылып, халық назарына ұсынылды. Сондай ақ, бал және оның емдік қасиеттері мен пайдалылығын өндірілген өнімдерінен көрмесінен тамашалауға болады.

Тополевка ауылы маңындағы тау бөктерінде қазақ үйлер тігіліп, ұлттық дәстүр мен мәдени құндылықтар көрмесіұйымдастырылды. Шара барысындағы байқауда пісірлген палау мен бауырсақ халыққа тегін таралды.

Биылғы «Сиверс алмасының гүлденуі» атты фестивалдің өтуі 4-5 мамыр күндеріне жоспарланған болатын. Ауа-райының қолайсыздығына байланысты Сарқан ауданының әкімшілігі шараны 18-мамырға ауыстырылған болатын. Бұл туралы Сарқан аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі мемлекеттік мекемесінің бөлім басшысы Ж.Құдияров «Жоңғар-Алатауы» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің әлеуметтік парақшаларында хабарлаған болатын. Осы қолайсыз ауа-райының салдарынан тауларда алма ағашының гүлдері түсіп қалған. Естеріңізге салайық, 5 мамыр күні Алматы облысының бірқатар ауылын қар басып қалған болатын.Фестивальге келушілер бірлі-жарым алма ағашының гүлдеуін көрген, бірақ көлемді алқапты ақ гүлдерімен, нәзік түстерімен байтқан осынау генетикалық түрдің биылғы табиғи кереметін тамашалай алмады.

Нұрболат НОҒАЙБЕК,

Жоңғар Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі Бас директорының орынбасары:

-Сиверс алмасын қолға алу, оны сақтау, қорғау, көбейту мақсатында осындай іс-шараларды жүзеге асыру әр азаматтың үлкен міндеті деп есептейміз. Сиверс аламасы-біздің ұлттық паркіміздің негізгі нышаны. Өйткені, біздің аумақ сиверсының генетикалық қоры болып саналады. Табиғи саябақ аумағындағы жабайы Сиверс алмасы саябақтың жалпы жер көлемінің 3800 га аумағын қамтиды. Бұл парк аумағының 1,05 пайызын құрайды. Сиверс алмасы мәдени сұрыптарының 15000-ның арғы-тегі болып табылады. Сирек кездесетіндіктен Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген түр.

Осы жабайы ағашымыздың емдік қорын сақтауда біздің ұлттық паркте көптеген іс-шаралар жүргізіледі. Осы мақсатта, ұлттық паркте ғылыми бөліміміз жұмыс істейді. Сондай-ақ, Алматы және Талдықорған қалаларындағы ғылыми институттармен бірлескен ғылыми жұмыстамыз. Бұл жерге Сарқан ауданы тұрғындары мен қонақтарын есептегенде 5000-ға жуық адам қатысуда.

Алматы қаласынан Тополевка ауылына дейін 476 шақырым. ©Досжан Балабекұлы

Сиверс алмасы Жоңғар Алатауының осы аумағында гүлдейді. Жоғарыда Жасылкөл көлі көрініп тұр. ©earth.google.com

Тау бөктерінде тау шымылдық гүлдепті. ©Досжан Балабекұлы

Біздің редакция осыған дейін,  Жоңғар Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі рекреация, экологиялық ағарту және туризм  бөлімі басшысы міндетін атқарушы А. Жамантаеваның «Таңдандырған Жоңғар Алатауының «Сиверс алмасы» атты танымдық мақаласын жариялаған болатын. Сол материалда, көпшілікке осынау алма ағашының түпкі отаны — Қазақстан жері екені және қорғау шаралары туралы жан-жақты ақпарат қамтылған болатын.

Досжан БАЛАБЕКҰЛЫ

(Суреттерді түсірген автор)

Тополевка ауылы, Сарқан ауданы, Алматы облысы




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *