Еліміздегі автозауыттар биыл 12 мың көлік шығарды

2104

2019 жылдың қаңтар-сәуірінде Қазақстанда 12 870 автокөлік шығарылды. Олардың арасында жеңіл және жүк көліктері, автобус техникасы мен арнайы машиналар да бар.

Есепті кезеңде Қазақстанда шығарылған көліктердің жалпы құны 83,9 млрд теңгеге бағаланып отыр. Жалпы, жеңіл автомобиль өндіру 37,9 пайызға өсіп, 12 113-ке жетті. Жыл басынан бері отандық автозауыттар 10 879 көлікті өткізіп, бұл көрсеткіш былтырға қарағанда 42,2 пайызға жоғары болды. Оның ішінде 3 368 автомобиль сәуір айында сатылып, бұл өз кезегінде саладағы үздік көрсеткіш ретінде тіркелді. Төрт айдың қорытындысы бойынша жергілікті өндірістегі автомобильдерді сатып алуға тұрғындар 69,6 млрд теңге жұмсап, осы сома бір жыл бұрынғы деңгейден 68,5 пайызға жоғары болды. Аталған мерзімде Қазақстанда құрастырылған жеңіл көліктердің арасында сұранысқа ие брендтердің бестігіне Lada (4 664 көлік), Hyundai (3 405), KIA (1 240), Skoda (290) және Chevrolet (233) енді. Отандық кәсіпорындар ұсынатын маркалардың тізімінде JAC (160), UAZ (116), Ravon (68) және Peugeot (15) бар екенін атап өткен жөн. Бұдан бұрын хабарланғандай, 2018 жылы Қазақстанда 32 298 автокөлік шығарылды.

Дереккөз: inform.kz 




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *