Атырауда мемлекеттік рәміздер алаңы мен 91 метрлік тутұғыр салынуда

484

Тутұғыр мен 112 шаршы метрді құрайтын мемлекеттік рәміздер алаңы ағымдағы жылы қолданысқа беріледі, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Тудың көлемі 14,5-те 29 метрді құрайды. Оның артында мәрмәр тастан жасалған сәулет композициясы – Қазақстан картасы, қоладан жасалған барыс пен колоннада орналасқан. Сондай-ақ, құрылымның екі жағына екі иллюзиялық субұрқақ, жарықтандыру орнату және екі гектар жерді көгалдандыру көзделген.

— Қазіргі уақытта біз бетон бөлігіне көшудеміз, инженерлік коммуникацияларды жүргізіп жатырмыз. Құрылыс үшін бетон және топырақ қолданылады, төсеу жұмыстарына гранит және мәрмәр қолданылады. Жұмыстарды аяқтау мерзімі — ағымдағы жылдың соңы, — дейді «Кастатор» ЖШС жобалық инженері Асхат Әлианов.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *