Жаңа әліпбиді ӘЗІРЛЕУ және ЕНГІЗУ

944

Біз енгізу кезеңіне кірісіп кеттік. Білім және ғылым министрлігінің 2019 жылғы бұйрығымен «Мектепке дейінгі ұйымдарға арналған әліппенің бағдарламасы» дайындалып, баспалар біз шығарамыз, жоқ біз шығарамыз деп бәйгеге түсіп жатыр. Жоғары оқу орындарына латынды үйретуге сағаттар бөлініп қойды. Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл – Қазына» ұлттық орталығы ересектерге арналған латын әліпбиі мен емлесін үйрететін курстардың бірнешеуін ұйымдастырып тастады. ҚР Білім және ғылым министрлігі А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты ЖОО оқытушыларына арнап курс ұйымдастыруды көздеп отыр. Ал емлеміз тұрмақ, әліпбиіміздің өзіне біраз түзетулер керек екендігін баршамыз білеміз, түсініп отырмыз. Бірақ жылдамдатып алға ентелеп келеміз. Кім қуып келеді? Неге тоқтамаймыз? Неге тоқтатпаймыз? Түсініксіз….

 

Бижомарт Қапалбектің фейсбук парақшасынан




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *