Мемлекеттік әкімшілік қызметшілер арасында волейболдан қалалық іріктеу жарысы өтті

181

«Спорт – денсаулық кепілі» демекші спортпен шұғылданып, салауатты өмір салтын ұстану бүгінгі таңда мемлекеттік қызметшілердің басты ұстанымына айналғаны жасырын емес.

Тұңғыш Президент 2018 жылғы 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан Жолдауында бұқаралық спорт пен дене шынықтырудың қолжетімділігін арттыру, салауатты өмір салтын қалыптастырубағытында нақты тапсырмалар жүктегені осының айғағы.

Мемлекеттік қызметшілер күнін мерекелеу аясында ағымдағы жылдың 19-21 маусымы аралығында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаменті облыс әкімдігімен бірлесе отырып, әкімшілік мемлекеттік қызметшілер арасында волейболдан республикалық турнир өткізу жоспарлаған, деп хабарлайды  ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметі.

Осыған орай Агенттіктің Маңғыстау облысы бойынша департаменті, Ақтау қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімімен бірлесіп, өңірден топ құрамын жасақтау мақсатында, 18 мамыр күні «Маңғыстау Арена» спорт кешенінде мемлекеттік әкімшілік қызметшілер (ерлер) арасындағы қалалық ашық іріктеу жарысын ұйымдастырған болатын.

Жарыстың мақсаты мемлекеттік аппараттың кәсіби және достық қарым-қатынастарын нығайтып, мемлекеттік қызметтің имиджін және тартымдылығын арттыру, сондай-ақ, салауатты өмір салты қағидаларын дене шынықтыру және спорт арқылы енгізу, өңірдегі мемлекеттік әкімшілік қызметшілер арасында волейбол спортын дамыту болып табылады.

Ұйымдастырылған жарысқа 12 мемлекеттік мекемеден құралған топтар бас қосып, бақтарын сынады.

Іріктеу  нәтижесімен І орынға облыстық сот әкімшілігі ие болса, Маңғыстау облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті ІІ орынды иеленді. Ал Қарақия ауданы әкімдігінің қызметкерлері ІІІ орынға ие болды. «Ең үздік ойыншы» номинациясында  Жаңаөзен қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Мұрат  Алиев,  Ақтау қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы тіркелмеген салық төлеушілерді анықтау және мобильді топ бөлімінің бас маманы   Жомарт Елубаев,  Қарақия аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Асет Ермуханов жеңімпаз атанды. Үздік деп танылған ойыншылар Маңғыстау облысының атынан Павлодар қаласында өтетін республикалық турнирге жолдама алды.

 




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *