МАҚТААРАЛДА 7 МЕКТЕПТІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРУДЕ

163

Қазіргі таңда Мақтаарал ауданында 7 мектептің құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Атап айтқанда, 300 орындық К.Үкібаев пен Қ.Қайсенов атындағы мектептер, 200 орындық бес бірдей С.Датұлы, Мақтажан, Қ.Абдалиев, Қ.Аманжолов, Т.Бигелдинов атындағы мектептер жаңадан салынып, оқушылары көп күтпей заманауи ғимаратта білім нәрімен сусындайтын болады. Бұл туралы Мақтаарал ауданы әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды. 

Бұл білім нысандарының 2-уі биылдан қалмай пайдалануға берілсе, 5-уі келесі жылға өтпелі. Кеңесшіл ауылындағы 300 оқушығы арналған К.Үкібаев атындағы мектеп пен Атамұра елдімекеніндегі Қ.Қайсенов атындағы 300 орындық мектеп жыл соңына дейін ел игілігіне берілетін болады. 

Бұдан бөлек, ауданда көптеген әлеуметтік нысандардың құрылысын бастау үшін жобалық-сметалық құжаттамалары әзірлену үстінде. Мәселен, биыл 3 мектептің және 1 спорт кешенінің, Мырзакент кенті әкімі аппараты ғимаратының, 2 мәдениет үйі мен 1 кітапхананың жобалық-сметалық құжаттамасы дайындалуда.

Айта кетерлігі, бұған дейін Мақтаарал ауданын құрылыс нысандарының ордасына айналдыру үшін 40 шақты жобалық-сметалық құжаттамалар әзірленген болатын. Оның ішінде аудан орталығы Мырзакент кентіндегі орталық стадионды қайта құру, Мақтаарал ауылдық округі Азаттық елдімекенінде ипподром салу жобалары да бар.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *