Абай атындағы Қаз ҰПУ –нің Өнер, мәдениет және спорт институтына 50 жыл

308

Еліміздің сан ғасырлық сүрлеулі салт-дәстүрі мен болымысына қарай, табиғатпен үндесіп, даралық пен даналығындай өнер туындылары ата-бабамыздан жалғасып бізге жеткен асыл қазына. Тұңғыш Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында: «Ұлы даланы мекендеген халықтардың дүниетанымы мен құндылықтарын қалыптатыруда өз жазуы мен мифологиясы бар ата-бабаларымыздың озық мәдениеті болды. Олардың мұрасының жарқын көрінісі, көркем болмысы мен рухани байлығының айшықты белгісі – «аң стилі» өнері» — деп баяндағандай, ата-бабаларымыздан қалған мұраны жалғаструшы, еліміздің дәстүрлі құндылықтарымызды сақтай отырып, жаңаша серпін мен әлемдегі ең өзық елдермен тереземізді теңелтіп, руханиятымыз бен шығармашылық жолымызды өркендетуде еліміздегі Абай атындағы ҚазҰПУ –нің, Өнер, мәдениет және спорт институтының орны ерекше.

Қазіргі Абай атындағы ҚазҰПУ –нің, Өнер, мәдениет және спорт институты бұрынғы Абай атындағы ҚазПИ «Көркем сурет» факультетінің «бейнелеу өнері және сызу» мамандығы бойынша мұғалімдерді даярлайтын тұңғыш жоғары оқу орнының мұрагері болып саналады. Тарихқа көз жүгіртер болсақ: Кезіндегі қазақ даласының айырылмас бір бөлігі болған Ташкент қаласында Алаш арыстары ірге тасын 1920 жылдан бастап қалап, 1928 жылы Алматы қаласында Алаш зиялыларының бас болуымен ресми түрде қазақ даласында тұңғыш рет жоғары оқу орны «Қазақ мемелекеттік университеті» болып құрылды. Соның негізінде осы ЖОО –нан ұлы дала елінде бірнеше университеттер бөлініп шықты, әрі осы оқу орны өз құрамын одан ары кеңейтіп, 1969 жылы «Көркем сурет» факультеті құрылды. Бұл факультет «Бейнелеу өнері және сызу» мамандығы бойынша шығармашылық әрі ғылыми негізде мамандар тәрбиелейтін Қазақстандағы тұңғыш рет ашылған жоғары оқу орыны. Осы факультеттің негізіндегі қазіргі «Өнер, мәдениет және спорт» институты суретшілерді, дизайнерлерді, музыканттарды, бишілерді, дене шынықтыру және бастапқы әскери дайындық бойынша шығармашылық және ғылыми тұрғыда кәсби мамандарды дайындайды.

Биыл аталмыш институттың 50 жылдық мерейтойы кең көлемде аталып өтпекші. Халық ағартуына 50 жылдық еңбегі сіңген, сан мыңдаған білімгерді баулып, қоғамның игілігі мен отанның өркениетіне үлес қосар мамандарды даярлап шығарған оқу орнының тамыры, халқымыздың байырдан қазынаға толы рухани һәм дәстүрлі өнерімізбен ұштасып жатыр.

Институттың құрылған күннен бастап бүгінге дейін басқарған басшылар мен басқарған уақыттары: т.ғ.к., доцент Ғ. Омашов (1969 – 1976жж), ҚР-ның еңбек сіңірген қайраткері, профессор Б.С. Өмірбеков (1976 – 1988жж), ССРО СО мүшесі, доцент В.Ф. Власюк (1978 – 1989жж), п.ғ.д., профессор, академик                            Л.Г. Медведиев (1989 – 1992жж), ғалым, ф.ғ., докторы, профессор, ҚҒА-ның академигі Ғ.Е. Есимов (1992 – 1998жж), ҚРСО мүшесі п.ғ.к., порфессор Б.Е. Оспанов (1998 – 2009жж), п.ғ.д., профессор Б.А. Әлмұхамбетов (2009 – 2016жж), п.ғ.д., профессор Н.Е. Исабек (2016 – 2018жж), ҚРСО мүшесі, «Дарын» сыйлығының иегері, порфессор Т.М. Қожағұлов 2019ж. Қатарлы өмір жолында ғылыммен қатар  директорлық қызметтерін адал орындап, аянбай еңбек етті.

Қазіргі таңда институтта «Бейнелеу өнері және сызу», «Кескіндеме», «Дизайн», «Сәндік қолданбалы өнер», «Музыкалық білім», «Хореография», «Дене шынықтыру және спорт», «Бастапқы әскери дайындық» сынды 6 кафедра 8 бакалавриат мамандықтары, 3 магистратура: «Бейнелеу өнері және сызу», «Өнертану», «Дене шынықтыру және спорт» сынды мамандықтары, 1 PhD доктор дәрежесі бойынша: «Бейнелеу өнері және сызу» мамандықтар бойынша білім беріледі.

Институттың педагогикалық кадрлар құрамында 93 жоғары білікті оқытушылар қызмет атқарады. Олардың ішінде: 2 педагогика ғылымдарының докторы, 1 ВАК профессоры, 10 академиялық профессор, 21 педагогика ғылымдарының кандидаты, 8 ВАК доценті, 1 өнертану ғылымдарының кандидаты, 1 философия ғылымдарының кандидаты, 1 PhD докторы, 9 академиялық доцентер, КСРО және ҚР, Суретшілер Одағының 43 мүшесі, ҚР, Дизайнерлер одағының 2 мүшесі, ҚР – ның 1 еңбегі сіңген қызметкері, 8 «ҚР Мәдениет қайраткері», 3 қолөнершілер одағының мүшесі, 1- ҚазССР жастар сыйлығының лауреаты, 2 «Дарын» сыйлығының лауреаты, сонымен бірге, Республикалық «Үздік ұстаз» марапаты, «Алтынсарин» атындағы төс белгі иегері, т.б Республикалық және халықаралық марапаттаулар мен конкурс жаңімпаздары, білікті, жоғары дәрежелі мамандар жұмыс істейді. Білімгерлердің оқу нәтижелерін арттыру мақсатында барлық жағдайлар көзделген. Халықаралық және Республикалық білім алмастыру нәтижесінде шетелдегі ЖОО-мен тығыз байланыс орнатылып, жоспар орындалып жатыр.

Институттың құрылғаннан бүгінге дейін барша қызметкерлері оқу орнының өркендеуі мен кемел білім беру саласында аянбай еңбек етті. 50 жылдық білім беру жолында оқу орнынан көптеген әлемге және елімізге танымал тұлғалар мен елге еңбегі сіңген ғалымдар, өнер адамдары түлеп ұшқан болатын. Болашақта Ұлы дала елінің әлем алдындағы мерейі өсіріп, халқымыздың дәстүрлі өнері және тәрбиелік құндылықтарды бойына тоғыта білген. Әрі, заманауи өзық ғылыми-техниканың тұтқасын ұстап, университетіміздің абыройын асқақтататын кәсіби мамандарды тәрбиелеп шығатынына сеніміміз мол.

Базар Ырыстанұлы,

Абай атындағы Қаз ҰПУ –дың, ӨМжСИ,

«Көркем білім» кафедрасының оқытушысы,

п.ғ., магистры 




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *