Алматыда Елбасы кітапханасының «Елбасы. Жастар. Жасампаздық» жобасы іске қосылды

1994

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Елбасы. Жастар. Жасампаздық» көшпелі ақпараттық-имидждік жобасының ашылу салтанаты өтті. Жоба Н.Ә.Назарбаевтың 2019 жылды Жастар жылына арналған. Бұл туралы ҚР Тұңғыш Президенті — Елбасы кітапхансы» ММ Баспасөз қызметі хабарлайды.

«Елбасы. Жастар. Жасампаздық» жылжымалы ақпараттық-имидждік жобасы Елбасының жасампаз, шығармашыл идеялары мен бастамаларын дәріптеуге, қалың жұртшылыққа бірегей қорды көрсетуге және насихаттауға, экскурсияларды ұйымдастырудың әдістерін дамытуға, сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың өмірі мен қызметін таныстыруға бағытталған.

Елбасы кітапханасының директоры, саяси ғылымдардың докторы, профессор Әмірхан Рахымжанов іс-шараның ашылу салтанатында былай деді:

Тұңғыш Президентіміз – Елбасының өмірінде Алматы қаласының алатын орны ерекше. Алматы – Елбасының туған жері ғана емес, мұнда оның Қазақ КСР Министрлер Кеңесі Төрағасынан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентіне дейінгі саяси көшбасшы ретіндегі қалыптасу жолы басталды. Әрі ең бастысы, Алматы тәуелсіздік жылдары ең ықпалды шешімдер қабылдаған Қазақстан Республикасы егемендігінің бесігі. Аталған жобада сол уақыттардан сыр шертетін мұрағаттар бар. Бұл – қазіргі жас қазақстандықтар міндетті түрде білуі, оқуы және көруі тиіс дүниелер.

Өз кезегінде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры, техника ғылымдарының докторы Ғалымқайыр Мұтанов:

– Елбасының шешімімен жарияланған Жастар жылыжастарға, әсіресе студенттерге мол мүмкіндік беріп жатыр. Жоғарғы оқу орындары гранттарының, сыйақылар мен шәкіратқылардың саны артты. Шетелде білім алуға бүкіл жағдайлар жасалған. Мұның барлығы болашаққа деген сенімімізді нығайтып, Қазақстанның ілгері дамуына негіз болары сөзсіз, – деді.

Жоба тұсаукесерінде ҚР Мемлекеттік күзетінің Президенттік оркестрі арнайы дайындаған плац-концерттік бағдарламамен өнерін паш етті. Ал ҚР Мемлекеттік күзеті қызметі Құрмет қарауылының ротасы жұртшылықтың назарына әскери дефилесін ұсынды.

«Елбасы. Жастар. Жасампаздық» жылжымалы ақпараттық-имидждік жобасының аясында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ кітапханасында «Уақыт

таңдауы» деректі фильмінің көрсетілімі өтті. Сондай-ақ, Әмірхан Рахымжанов профессор-оқытушылар қауымымен, докторанттар мен магистранттармен, студенттермен кездесіп, дәріс оқыды. Бұл үлгідегі кездесу, дәріс, көрсетілім шаралары 24 мамыр күні, 10-00 сағ. Қазақ ұлттық аграрлық университетінде жалғасады.

Жоба аясында «Жастар – ұлт тірегі»кешенді көрмесі қойылып, Елбасы кітапханасындағы архив, музей және кітапхана жинақтарының материалдары көрсетілді. Маңызды үш бағыттың қатарына келесідей тақырыптар кіреді:

Елбасы. Көрменің алғашқы бөлімінде Елбасы есімімен біте қайнаған тәуелсіз Қазақстанның тарихыархивтік материалдар, кітаптар және музейлік жәдігерлер арқылы көрсетіледі. Н.Ә. Назарбаевқа көрсетілген халықтың жаппай қолдауы, Қазақстандағы Президенттік институттың тарихы бейнеленген деректерге айрықша орын беріледі. Көрмеде 1990 жылғы 24сәуірде енгізілген президенттік институттан бастап Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің барлық сайлауалды науқандары (1991 ж., 1995 ж., 1999 ж., 2005 г., 2011 ж., 2015 ж.) туралы материалдар жүйелі түрде көрсетіледі.

Жастар. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап мемлекеттік саясаттың білім және ғылым саласы халықаралық білім кеңістігіне интеграциялануына және дәйекті дамуына бағытталды. Осы саладағы Қазақстанның бірінші реформасының мақсаты білім жүйесін жаңа әлеуметтік-экономикалық жағдайға бейімдеу болды. 1993 жылғы 5 қарашада президенттік «Болашақ» стипендиясының енгізілуі нағыз адам капиталына салынған инвестицияның «серпінді жобасына» айналды. 1994 жылдан бастап «Болашақ» бағдарламасы іске асырылып, мемлекеттік тапсырмамен ел үшін қажетті бәсекеге қабілетті жоғары білікті кадрларды дайындауды жүзеге асырылуда.

Жасампаздық. Көрменің үшінші бөлімі болашаққа бағытталған Қазақстаннның даму стратегиясын, сондай-ақ еліміздің қоғамдық ұйымдардың, спорт саласының, азматтарының тұлғалық дамуының белсенді өмірлік ұстанымын көрсетеді.

«Тарихи таңдау» көшпелі тақырыптық экскурсиясы Н.Назарбаевтың өмірбаян деректері,комсомол-металлургтен бастап ҚазКСР Министрлер Кеңесінің Төрағасы, Қазақстан КП ОК Бірінші Хатшысы, Жоғарғы Кеңес Төрағасы және Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасына дейінгі жүріп өткен жолы туралы баяндайтын бірегей материалдардың толық кешенімен таныстырады. Келушілер сирек кездесетін бейнешежіре кадрларын, фотосуреттер және мұрағаттық құжаттарын тамашалай алады.

«Тарихи таңдау. Ұмтылыс» атты көшпелі тақырыптық экскурсияның басты мақсаты – мұрағат материалдарының негізінде Тәуелсіз Қазақстанның сыртқы әлеммен тату көршілік және ынтымақтастыққа бағытталған алғашқы қадамдарын жүйелі түрде ашып көрсету.Оның аясында Елбасының қолжазбалары, шет мемлекет басшыларымен, халықаралық ұйымдардың жетекшілерімен алмасқан хаттары, дипломатиялық тартулар сияқты бірегей мұрағаттық материалдар ұсынылады.

«Қазақстанның спорттық даңқы» тақырыптық экскурсиясы тәуелсіздік жылдарындағы еліміздің спорттық жетістіктерімен таныстырады. Экскурсия

барысында экскурсияға келушілер Елбасы кітапханасы музейінің қорындағы Н.Ә.Назарбаевқа отандық және шетелдік спортшылар тарту еткен сыйлықтар топтамасын, сондай-ақ олардың жеке заттарын көре алады.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *