Ішкі туризм бойынша Батыс Қазақстан өңірінің ақпараттық тур қатысушылары шырайлы Шымкентте

618

Ішкі туризмді одан әрі ынталандыру және ел ішінде өңірлердің туристік потенциалы туралы хабардар ету мақсатында «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша ақпараттық турлар циклін өткізу қолға алынып отыр.

Бірінші ақпараттық тур барысында Батыс Қазақстанның 4 өңірінің туроператорларынан құралған топ а.ж. 20-30 мамыр аралығында Нұр-Сұлтан мен  Бурабайға барып, Шымкент және Сарыағаш қаласында, сосын Алматыға, Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарының туристік орындарына барады.

Жоспарға сәйкес, 22 мамыр күні Батыс өңірінің туроператорлары Шымкент қаласына келді. Шымкент қаласының туризм басқармасы жергілікті туристік қоғамдастықтармен бірлесе үшінші мегаполисте қонақтарға қаланың басты нысандарын көрсетіп, жергілікті компаниялармен b2b кездесулер өткізілетін болады.

 Аталған іс-шараның негізгі мақсаты – қаламыздың ішкі туризмін дамыту, басқа өңірлермен туристік байланыстар орнату және өзара ынтымақтастық мәселелерін талқылау.

Алайда, ішкі туризмнің белсенді түрде өсуіне қарамастан, шет елдерге шығатын туристердің саны ішкі туристік ағыннан екі есе дерлік көп. Оның негізгі себептері, тиісті ұсыныс пен инфрақұрылымның жоқтығымен қоса, ақпараттың жетіспеушілігі болып табылады. Мысалға, елдің батыс аймақтарының тұрғындары Қазақстанның шығысында, болмаса оңтүстігінде  не бар екенін білмейді, және керісінше. Сондықтан халыққа еліміздің туристік мүмкіндіктері жайлы ақпаратты тұрақты түрде бере отырып, оларды ел ішінде саяхаттауға ынталандыру керек. Әдетте, бұл жұмыстың алдынғы шебінде Қазақстан бойынша турларды жасақтап, жарнамалап, сататын отандық туристік компаниялар тұрады.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *