Samsung Алматыда жаңа QLED 8K кинотеатрын ашты

645

8K ультражоғары тұнықтығы және жасанды интеллект технологиясы бар әлемдегі бірінші QLED теледидарының шығуына орай компания Kinopark кинотеатрлар желісімен бірге осы жобаны қолға алған.

QLED теледидары Esentai Mall  брендтелген кинотеатр ойын-сауық орталығындағы Kinopark аумағында ашылды.

VIP-кинозалдың ашылу рәсімінде Samsung өкілдері журналистерге инновациялық QLED 8K желісінің бірегей ерекшеліктерін көрсетті.

8К – экранның бар тұнықтығының ең жоғарғы әрі егжей-тегжейлі анық көрсететін деңгейі, жасанды интеллект технологиясы түпнұсқа контент сапасын 8К өлшеміне мейлінше жақын етіп жақсартады және анықтық деңгейін экрандағы көрініс пен бөлмедегі жарыққа қарай реттейді.

Қонақтардың алдында сөз сөйлеген Samsung Electronics Central Eurasia президенті Хан Санг Ву кинотеатр ашуға не себеп болғанын айтты. Ол адамдар кинотеатрға үлкен экрандағы тамаша сурет пен жақсы дыбыс үшін баратынын, ал үлкен экраны бар QLED 8K (ең жоғары диагоналі – 98 дюйм) сол сапаны бере алатынын айтты, яғни көрермен QLED 8К теледидарынан сүйікті фильмін көргенде өзін бейнесі мен дыбысының сапасы жоғары заманауи кинозалда отырғандай сезінеді.

Сіз экранда болып жатқан нәрседен күшті әсер аласыз, бөлмеде болсаңыз да, өзіңізді оқиғаның ортасында жүргендей сезінесіз, – деді ол.

Сонымен бірге Samsung өкілдері дәл осы кинотеатрда компанияның болашақ флагман өнімдерінің таныстырылымын жиі өткізетінін хабарлады.

QLED 8K Cinema кинотеатры көрсеткен алғашқы фильм Чад Стахелскидің “Джон Уик 3” боевигі болды.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *