«Эйр Астана» үшінші Embraer 190-E2 ұшағын алды

607

Әуелайнер тікелей Бразилиядағы зауыттан ұшып келді. Бұл операциялық лизингке тапсырыс берілген 5 ұшақтан үшіншісі. Қалған әуе кемелері 2019 жылы ішінде ұшып келмек, — деп хабарлайды kazgazeta.kz «Эйр Астана» АҚ Корпоративтік коммуникациялар департаментіне сілтеме жасап. 

Әуе кемесі екі қозғалтқышпен жабдықталған тар фюзеляжды реактивті ұшағына жатады. Ол қысқа және орта қашықтықта ұшуға арналған, ал ұшудың максималды қашықтығы- 5 300 км. Бұл E190 салыстырғанда 1 000 шақырымға алысырақ. Е2 ұшағының аэродинамикасы жақсарған, фюзеляжы мен қанаттары өзгерген және PW GTF (АҚШ) қозғалтқыштарымен жабдықталған. Сонымен қатар, әуе кемесі үнемді, төмен зиянды заттар шығарылымымен және шуыл деңгейімен ерекшеленеді.

Ұшақ салонында 108 орын бар және сымсыз ойын-сауық жүйесімен жабдықталады. Ол арқылы жолаушылар өздерінің құрылғыларында фильм көріп, музыка тыңдай алады.

Жаңа Embraer 190-E2 ұшағының бірінші коммерциялық рейсі 1 маусымда Алматы-Нұр-Cұлтан-Алматы бағытында орындалады. Әуелайнер Қазақстан бойынша, сонымен қатар Ресей қалаларына, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Әзірбайжан, Гүржістан, Украина астаналарына және Қытайға Үрімші қаласына рейстер орындайтын болады.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *