Лық. Орыс тілінің аудармасына айналған қайран тіл

668

Немқұрайдылық деген сөздің төркіні — немқұриды. Зорлықпен біріккен «немкеттімен» құрдас, тағдырлас болса керек.
Біреу қағыс естіп, немқұрайлы деген нұсқасы да айналымға енген.
«Лық пен лік, тық пен тіктің маңызы мен аспектілері туралы» диссертация қорғалып, сөзжасамдағы ерекше рөлі дәлелденгенде:) лық қосылған, біржола өңі айналған.

Лық пен лік, тық пен тік, дық пен дік 1991 жылдан кейін қатты күшейді. Қазір оларсыз сөздің сәні келмейді. Қазақстан-дық деген сүйкімсіз сөзіміз бар. Мәңгі ел демейміз, мәңгі-лік ел дейміз, студент кезім демей, студент-тік кезім дейміз. Тіл ерекшелігі дегеннен тіл-дік ерекшелік деуге бейімбіз. Аяқ алып жүре алмайсың. Мұның қате десе есі дұрыс па деп ожырайып қарайтын шақтамыз.

Бұл паразит қосымшалар қазақ тіліне қатты нұқсан келтіріп, көркем әдебиеттен өзге саланың бәрін орыс тілінің аудармасына айналдырды. Жоңғар шапқыншылығынан бетер қылды. Тілші зерттеушілер қалай қарайды екен бұған, қызық.

Асылхан Мамашұлының фейсбук парақшасынан




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *