Еуроодақ Орталық Азиядағы бизнес-жобаларға 11 миллон еуро қаржы бөлуде

657

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында Орталық Азия мемлекеттерінде бизнесті қолдау мен бәсеке қабілетін арттыруға, инвестицияларды ынталандыруға, жеке бизнесті дамыту және экономикалық әртараптандыруға көзделген Еуропалық Одақ қаржыландыратын Central Asia Invest V бағдарламасының ақпараттық сессиясы өтті. Аймақтағы инвестицияларды ынталандыру – 2019 жылдың 15 мамырында қабылданған ЕО-ның Орталық Азияға қатысты жаңартылған стратегиясының маңызды бөлігі.

Жиын барысында Қазақстандағы Еуропалық Одақ Өкілдігінің қызметкерлері осы жылдың сәуір айында жарияланған Central Asia Invest V бағдарламасының бесінші байқауының басты талаптары мен ерекшеліктерін, және өтінімдерді толтыру тәртібі туралы мәлімдеді. Орталық Азия мемлекеттеріне арналған гранттық бағдарламаның жалпы сомасы 10 950 000 еуро құрайды. Қатысушылар 2019 ж. 24 маусымына дейін келесі бағыттар бойынша өтінімдерді тапсыра алады: қаржыландыруға қолжетімдік, бизнес, салықтық реттеу және бейресми экономика, аймақтық және халықаралық саудаға жәрдемдесу, кәсіпкерлер мен жұмыс іздеп жүрген адамдардың әлеуетін арттыру салалары.

Өзінің құттықтау сөзінде ЕО Елшісі Свен-Олов Карлссон: «Біз қазақстандық ұйымдардың тарапынан жобалық өтінімдердің едәуір санын қабылдауға үміттенеміз, оған сыртқы сауда және инвестициялық саясатта қол жеткізген жетістіктерді ескере отырып, аймақаралық интеграцияны алға ілгерлетудің жетекші күші болуға сіздің еліңіздің барлық мүмкіндігі бар. Сонымен қатар, елдегі адам капиталын дамыту мен кедейлік деңгейін төмендетудегі жеткізілген жоғарғы жетістіктер арқасында, аймақтағы көршілес елдермен алмаса алатын мемлекеттің бағалы тәжірибесі бар. Бұл мақтана алатын жағдай, бірақ жауапкершілікті  де жүктейді »,— деп атап өтті.

Бұдан бұрын ақпараттық сессиялар Ашхабад (Түркіменстан), Душанбе (Тәжікстан) және Бішкек (Қырғызстан) қалаларында өткізілді.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *