«Мемлекеттік тіл және БАҚ” байқауы

259

2019 жылдың 28-мамыр күні Батыс Қазақстан облыстық тілдерді дамыту басқармасының әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру тапсырысы негізінде «Еуразия әлеуметтік-гуманитарлық зерттеу орталығы» қоғамдық бірлестігі Жайық Пресс ЖШС мәжіліс залында «Мемлекеттік тіл және БАҚ» облыстық байқауының марапаттау кезеңін ұйымдастырды. Бұл шараға облыс аудандарынан және Орал қаласы бойынша 13 үміткер қатысып, 23 материал келіп түсті.

Қатысушылардың 2018 жылғы 11 маусым мен 2019 жылғы 15 мамыр аралығында бұқаралық ақпарат құралдарында жарық көрген екі материалы, соның ішінде радио және телебағдарламалары, мемлекеттік тілдегі сайттардағы және мерзімдік баспасөздегі жарияланған мақалалары қабылданып, белгіленген қазылар алқалары саралады.

«Мемлекеттік тіл және БАҚ» облыстық байқауы Қазақстан Республикасының Байланыс және ақпарат қызметкерлерінің күніне орай және мемлекеттік тіл саясатын бұқаралық ақпарат құралдарында насихаттау, қазақ тілді контентті арттыру және мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту мақсатында ұйымдастырылды.

Байқау төрт номинациядан тұрды: «Үздік мақала»; «Үздік телебағдарлама»; «Үздік радиобағдарлама»; «Үздік сайт мақаласы».

«Үздік мақала» номинациясы бойынша Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінің Жәнібек аудандық музей бөлімінің меңгерушісі Фазылова Мендігүл Ғарифоллақызы, «Үздік телебағдарлама» номинациясы бойынша «ТДК-42» телеарнасының тілшісі Хамза Жандос Жанұзақұлы, «Үздік радиобағдарлама» номинациясы бойынша «Қазақстан» РТРК БҚОФ, облыстық радио редакторы Төлепов Әділ Ерболатұлы, «Үздік сайт мақаласы» номинациясы бойынша «Жайық Пресс» медиахолдингі, Бас директорының бірінші орынбасары Мықтыбаев Нұрсұлтан Ертуғанұлы жеңімпаз деп танылып, әр номинацияның үздіктері арнайы дипломмен және 100 мың теңге көлеміндегі бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Фотосуреттерді түсірген Рафхат Халелов.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *