Головкин DAZN-мен келісімшарттан қанша табыс көретінін айтты

740

Орта салмақта бұрынғы әлем чемпионы Геннадий Головкин (38-1-1, 34 КО) Fight Hub TV арнасына берген сұхбатында DAZN стриминг қызметімен келісімшарт бойынша қанша табыс көретінін айтты.

Тараптар келісімшартқа отырғаны туралы 8 мнаурызда ресми жариялады. Келісім шарттарына сай Головкин үш жылда алты жекпе-жек өткізуі тиіс. Yahoo! Sports мәліметінше, келісімшарт арқылы қазақстандық 100 миллион табыс көреді.

 Головкин бұл келісім бойынша бірінші жекпе-жегін 8 маусымда Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында өткізеді. Оның қарсыласы — Стив Роллс (19-0, 10 КО).

— Бұл DAZN-мен келісім бойынша алғашқы жекпе-жегің, саған 100 миллион доллар табыс беріп отыр…
— Көбірек.

— Көбірек? Енді сен байсың.
— Мен емес, адамдар. Барлығы 100 миллион деп жазып жүр. Қойыңдар, жігіттер. Ондай ақша емес (күледі).

— Бірақ ақша көп?
— Иә, көп. Алайда санын атамаймын (күледі).

— Енді өзіңе жаңа «ойыншықтар» аласың ба?
— Шынын айтсам, маған ондайдың керегі жоқ. Бақытты отбасым бар, сол менің ең үлкен сыйым.

Айта кетейік, Головкинді рингке оралуға Джонатан Бэнкс дайындап жатыр.

Дереккөз: vesti.kz




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *