Нұрсұлтан Назарбаевқа «Құрметті Сенатор» мәртебесі берілді

664

ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында Тұңғыш Президент-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа «Құрметті Сенатор» мәртебесі берілді.

Өздеріңізге белгілі, Мемлекет басшысы  Қасым-Жомарт Тоқаев ант беру рәсімінде Тұңғыш Президент-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа «Құметті Сенатор» мәртебесін беру жөнінде  ұсыныс жасаған болатын. Мемлекет басшысының ұсынысын қолдай отырып, Сенат бюросының мүшелері «Құметті Сенатор» мәртебесі туралы ереже бекітті. Ережеге сәйкес, «Құрметті Сенатор» мәртебесін беру жөнінде шешім Сенат отырысында қабылданады,  — деп түсіндірді Дариға Назарбаева. Сондай-ақ, Сенат спикері Елбасының осынау жылдар аясындағы Қазақстанның дамуына қосқан үлесін атай келе, оның «Құрметті Сенатор» атағына бірден-бір лайық тұлға екенін атап өтті.

Бүгін біз тарихи шешім қабылдадық. Тәуелсіз Қазақстанның негізін қалаушы ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа «Құметті Сенатор» мәртебесін беру — Елбасының жаңа Қазақстанды қалыптастыру мен дамытуға қосқан тарихи үлесі мен Қазақстан қоғамын топтастыруға сіңірген орасан зор еңбегіне берілген әділ баға мен құрмет деп санаймын», — деді Дариға Назарбаева.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *