FlyArystan алғаш рет Шымкент пен Павлодарға сапар шекті

463

Бүгін Қазақстанның алғашқы лоукостері FlyArystan әуекомпаниясы Шымкент пен Павлодарға бірінші рейстерін орындады. Бұдан былай аталмыш бағыттар бойынша заманауи 180 орынды Airbus A320 әуе кемелері күнделікті қанатын жайып, ұшатын болады, — деп хабарлайды kazgazeta.kz FlyArystan баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматыдан Шымкент пен Павлодарға қатынаған бірінші рейстер нық толып, оның 80% астам билеті ең минималды тарифпен, яғни бағасы 10 000 теңгеге дейінгі бағамен сатылғанын атап кеткен жөн. Осы арада, қазіргі уақытта сахаттарын 26 қазанға дейін жоспарлап отырған жолаушылар әуекомпанияның ресми сайтынан билеттерді белсенді түрде брондап жатқанын байқауға болады.

«Шымкент – еліміздің республикалық маңыздылығы жоғары мегаполистеріне айналған ірі қалалардың бірі. Сол себепті FlyArystan-ның келуінен кейін жергілікті халық қажеттіліктеріне сай алтын уақыттарын үнемдеп, лоукостермен сапар шегуді таңдайды деген нық сенімдемін», — деп атап кетті Шымкентте журналисттермен өткен кездесуде Эйр Астана компаниясының президенті Питер Фостер мырза.

Естеріңізге сала кетсек, оңтүстік астанадан шырайлы Шымкентке орындалатын рейстердің ең төменгі билет құны 4999 теңгеден басталса, сапардың ұшу ұзақтығы 1 сағат 20 минут болмақ. Павлодарға барамын деушілер билеттерді 6999 теңгеден бастап сатып алып, сүйікті қалаларына 1 сағат 50 минутта жете алады.

FlyArystan барша жолаушыларға әуекомпанияның сайты flyarystan.com-да жарияланған тариф ережелерімен мұқият таныс болуды сұрайды.

Анықтама үшін: FlyArystan бюджеттік әуекомпаниясы – Алматы қаласында негізделіп, Skytrax World Airline Awards бағалауынша қызмет көрсету сапасы 4 жұлдызға сәйкестеніп, Орталық Азия мен Үндістандағы ең үздік компания деп танылған, «Эйр Астана» әуетасымалдаушысының бөлімшесі.

FlyArystan әуефлотының орта жасы 6 жыл, 180 орны бар 4 Airbus 320-232 ұшақтарынан құралған.

2022 жылға қарай парктегі әуекемелер санын 15 дейін жеткізіп, оларды Қазақстанның бірнеше ірі қаласында негіздеу жоспарланып отыр.

 

Суретті түсірген: Максим Морозов.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *