Цифрлы сауаттылық — InternetCA-2019 форумының басты пікірталас векторы

407

30-31 мамыр 2019 жыл. Алматыда 30-31 мамыр күндері “InternetCA-2019 Орталық Азиядағы интернет саласының дамуы” атты аймақтық интернет-форумы өтуде. Оныншы форумның тақырыбы: «Цифрлық сауаттылық: кәсіби құзырет, қауіпсіздік және тұтыну»

 БАҚ контентін қалыптастырудағы мемлекет рөлінің үстемділігін ескерсек, Орталық Азияның тұрғындары сөз бостандығының дәстүрлі БАҚ-та жоқ екенін жиі айтады және сол себептен де  әлеуметтік желілер мен мессенджерлерге ауысуға мәжбүр. Бұл медиа-тұтыну сапасына айтарлықтай әсерін тигізіп, дезинформация және оны ретрансляциялау көлемін арттырады.

Азаматтар өздерінің сөз бостандығына деген онсыз да шектеулі құқығының бар екенін білсе де, оны жиі пайдаланбайды. Кейбір жағдайларда тексерілмеген немесе заңға қайшы, арандатушылық ақпаратты таратып жатады. Және бұны сөз бостандығымен де байланыстырады.

Түрлі зерттеу қорытындылары бойынша Қазақстандағы 18 бен 55 жас аралығындағы тұрғындардың 70% -ы әлеуметтік желілерді белсенді пайдаланады. Ал көршілес Қырғызстандағы қала халқының шамамен  60%-ы — әлеуметтік желілердің пайдаланушылары.

Оныншы форумның тақырыбы мен талқыланатын мәселелерін таңдау барысында осы жағдайларға баса назар аударылды. Атап айтсақ, цифрлық дәуірдегі баспасөз бостандығы, медиа-трендтер, БАҚ-қа төнетін қауіптер мен қатерлер; дезинформацияға, пропагандаға, ксенофобияға және өшпенділік тіліне қарсы іс-қимыл; медиасауаттылық және цифрлы қауіпсіздік; сайлау кампанияларының аудиторияны ақпараттандырудағы және әсер етудегі БАҚ рөлі және тағы да басқалары.

Томас Хельм, Конрад Аденауэр атындағы қордың Қазақстандағы өкілдігінің директоры:  Медиасауаттылық – қазіргі таңда оқу, жазу және математика сияқты негізгі құзыреттіліктің бірі және цифрлы медиаға қол жеткізу мүмкіндігі аса маңызды. Алайда, мен маңыздылық туралы айтқанда, цифрлы, электрондық және баспаның қатар өмір сүруі жайында да екеніне тоқталғым келеді. Бұқаралық ақпарат құралдарының барлығының әлді және әлсіз тұстары бар және бұл еркін пікір алмасу үшін және медианың өмір сүруі үшін ауадай қажет.

InternetCA-2019 форумның спикерлері – Қазақстан, Германия, Чехия, Ресей, Беларусь, Украина, Сингапур, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан және Түркіменстан сарапшылары. Іс-шараға дәстүрлі түрде  журналистер, блогерлер, зерттеушілер, мемлекеттік мекемелер, халықаралық ұйымдар, ҮЕҰ өкілдері, заңгерлер, дипломаттар мен академиялық орта өкілдері қатысады.

2010 жылы (InternetCA форумының алғаш ұйымдастырған жылы) Қазақстандағы интернет-пайдаланушылардың саны 4,3 млн адам немесе  халықтың 27% болса, 2018 жылдың қорытындысы бойынша Интернетті пайдаланушылар саны үш есе өскен (81% және 14 млн.астам адам).

10 жыл ішінде InternetCA қатысушылары шамамен 2000 адамға жетті. Осы уақыт ішінде ғаламторды дамытудың өзекті мәселелері бойынша әлемнің 20 елінің сарапшылары үш жүзден астам баяндамалар, презентациялар мен мастер-кластар өткізілді.

Диана Дигол, ЕҚЫҰ бағдарламалар офисі басшысының орынбасары: «Интернет талантты және зерек жандарға өзін-өзі көрсететін үлкен алаң құрып, халыққа шапшаң ақпарат тарату үшін жаңа мүмкіндіктер береді. Әйтсе де, Интернет қауіпсіздікке және сөз бостандығы мен пікір бостандығы үшін елеулі қауіп-қатер төндіреді. Осы тұрғыда құқықтық реттеу механизмі жайлы білімнің болуы мен БАҚ-тың өзін-өзі реттеуі және интернетті БАҚ-қа теңестіру — өте маңызды»

Medianet халықаралық журналистика орталығы форумды дәстүрлі түрде  Нұр-Сұлтандағы ЕҚЫҰ Офисі мен Конрад Аденауэр атындағы қордың қолдауымен өткізеді.

Қосымша ақпарат:

Думан Смақов, Алёна Кошкина, medianet.smm@gmail.com  +7 702 629 2866, +7 747 987 9879




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *