Мамыр айындағы доллар бағамы

483

Бұның алдындағы болжамымыз айнымай келді. Бәлкім алда тұрған кезектен тыс Президент сайлауының ықпалы болар, доллар бағамы Мамыр айы бойынша еш өзгеріссіз қалды. Мәселен, Мамырдың 1-інде бір доллардың теңгеге шаққандағы құны 381,08 болса, мамырдың соңындағы құны — 381,69 теңгені көрсетті. Мамыр айы бойында доллардың ең жоғарғы көрсеткіші айдың 4-іне сай келеді. бұл күні доллар бағамы — 381,97 теңгеге жетсе, ең төменгі көрсеткіші — 24-інде орын алған. Ол  — 378,01 теңгеге дейін түскен.

Маусым доллар бағамының аздап қымбаттауымен басталып отыр. Сарапшылар Қазақстан Президентіне кезектен тыс сайлауынан кейін теңге бағамының күрт құлдырайтынын айтады. Дегенмен Қазақстанның Ұлттық банкі қызметкерлері доллар бағамының өсуіне елдегі саяси жағдайдың ықпалы аз дейді. Теңге құны әлі күнге дейін Ресей рубліне тікелей бағынышты. Рубль құлдыраса, теңге де құлдырайды. Оның үстіне Қытай мен АҚШ арасындағы сауда соғысының да салдары ел экономикасының құлдырауына ықпал етуі әбден мүмкін. Сондықтан, маусым айына болжам айту қиын.

Есен Байнұр. 




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *