«Жас Қанат-2019» байқауының жеңімпаздары анықталды

383

XXVIII республикалық «Жас қанат-2019» жас әншілер байқауы жеңімпаздарының есімдері белгілі болды.

Байқаудың ақтық кезеңі Бейбітшілік пен келісім сарайында өтті. Финалда 5 үміткер өзара бақ сынады.  — Жанболат Ұзақбай, 24 жаста (Нұр-Сұлтан)

— Олжас Оспан, 25 жаста (Семей)

— Ақерке Көпжасарова, 15 жаста (Нұр-Сұлтан)

— Дидар Әбдіхалық, 18 жаста  (Шымкент)

— Әділ Балтабаев, 22 жаста (Көкшетау).

Биылғы жылы жеңімпаздарды марапаттау салтанатты шарасы жылдағыдан өзгеше форматта өтті. Бірінші болып байқаудың қорытындысы «Қазақстан аруы» әсемдік конкурсы бойынша шығарылды. Олар бір емес бірнеше сыйлық берді, сондай-ақ ынталандырушы «Хан» триосының сыйлығы бар. Ол костюмдер алуға мүмкіндік беретін арнайы сертификат.    Екінші вице-мырза нұрсұлтандық Жанболат Ұзақбай атанды.  Бірінші вице-мырза семейлік Олжас Оспан болса, «Жас қанат» мырза атағына Дидар Әбдіхалық лайықты деп танылды. Ақерке Көпжасар ұлттық құндылықтарды сақтағаны үшін «Хабар» агенттігінің арнайы сыйлығын алды. Жартылай финалға дейін өнер көрсеткен семейлік Айым Имашева әкімнің сыйлығына ие болды. Байқаудың ақпараттық серіктесі «Астана» радиосы  өзінің сыйлығын Жанболат Ұзақбай орындаған ән үшін берді. Биылғы жылы Олжас Оспан мен Ақерке Көпжасарова  дипломант атанды. XXVIII «Жас қанат-2019» жас әншілер байқауының жеңімпаздары: Көкшетаулық Әділ Балтабаев конкурстың үшінші премиясы мен «Қола қанат» иегері  атанды. Нұрсұлтандық Жанболат Ұзақтай екінші орын алып, «Күміс қанат» пен «Астана» радиосынан бір жыл бойына ротациялау құқығына ие болды. «Жас қанат» байқауының «Алтын қанаты» мен бірінші премияны және байқаудың жеңімпазы атағын шымкенттік Диар Әбдіхалық жеңіп алды.

Дереккөз: inform.kz 




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *