АҚШ визасын алғысы келетіндер әлеуметтік желілері туралы ақпарат беретін болады

142

Жұма күнінен бастап Трамп әкімшілігі АҚШ-та виза алуға өтініш берушілерден әлеуметтік желілері туралы ақпарат талап ететін жаңа саясат енгізді. Бұл туралы АҚШ Мемлекеттік департаментінің өкілі мәлімдеді.

Жаңа талап бойынша, виза алуға өтініш берушілердің көпшілігі, оның ішінде елге уақытша келгендер мәзірде әлеуметтік желілердегі сәйкестендіру деректерін, сондай-ақ өзге де сауалнамалық деректерді көрсетуі тиіс. Егер визаға үміткерлер әлеуметтік желіде тіркелмеген болса, солай деп көрсете алады. АҚШ өкілі өтініш иесі әлеуметтік желі туралы жалған ақпарат беретін болса, онысы «кері салдарға» соқтыруы мүмкін екенін ескертті. Әзірше мәзірде әлеуметтік желілердің негізгі сайттары ғана көрсетілген. Бірақ АҚШ мемлекеттік департамент өкілі өтініш берушілердің өздері пайдаланатын барлық сайттарды көрсете алатынын хабарлады. «Бұл АҚШ-қа кіруге рұқсат алуға тырысатын шетел азаматтарына мұқият тексеру орнатудағы стратегиялық маңызды қадам. Әсіресе АҚШ-қа лаңкестердің, қоғамдық қауіпсіздікке қауіп төндіретін адамдардың және басқа да қауіпті адамдардың кіруіне жол бермеу үшін маңызды құрал болмақ», — деді АҚШ өкілі. Америка әлеуметтік желілер туралы сәйкестендіру деректерін өмірбаяндық деректер базасына енгізгелі отыр. Яғни, ол деректер үнемі АҚШ үкіметі қалыптастырған іздеудегілер тізімдерімен сәйкестендіріліп отырады деген сөз. Бұған қоса, визаға үміткерлер өз сапарлары туралы толық ақпарат беруге міндетті болады. Бұл шешімді АҚШ президенті Дональд Трамп 2017 жылдың наурыз айында қол қойған Жарлықтың нәтижесі деп атауға болады. Мемлекеттік департамент виза беру тәртібіне жаңа талаптар енгізетінін 2018 жылдың наурыз айында ресми түрде жариялаған болатын. Президент Дональд Трамптың жаңа Жарлығы «Ұлтты шетелдік террористердің АҚШ жеріне кіруінен қорғау» деп аталды.

Дереккөз: inform.kz




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *