ЕЛОРДАДА БАЛАЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ ЖАЙЛЫ СУРЕТІ БАР МУРАЛ АШЫЛДЫ

359

Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында елордада балалар құқығына арналған мурал1 ашылды. Оң жақтағы жағалауда балалар Бала құқықтары туралы конвенцияның Қазақстандағы 25 жылдығына арнап суреттер салды, — деп хабарлайды kazgazeta.kz ЮНИСЕФ-тің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Акцияны Балалар құқығы бойынша өкілдің Қазақстан Республикасындағы кеңсесінің қолдауымен Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі, БҰҰ-ның Балалар қоры (ЮНИСЕФ) және «Балалар бейбітшілік суретін салады» ҚҚ ұйымдастырды.

«ЮНИСЕФ үшін балаларға тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету мақсатында жұмыс атқару маңызды және де біз муралдың ашылуы балалар құқығын қорғаудың және ілгерілетудің маңызды мәселелеріне назар аударуға көмектеседі деп сенеміз, — деді БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) Қазақстандағы Өкілі Юрий Оксамитный ашылу салтанатында. — Биыл Қазақстан маңызды оқиғаны атап өтуде – 25 жыл бұрын еліміз Бала құқықтары туралы конвенцияны ратификациялады. Міне, жиырма жылдан астам уақыт бойы ЮНИСЕФ Үкіметпен, жергілікті басқару органдарымен және азаматтық қоғаммен әрбір баланың сапалы әлеуметтік қызметтерге, бірінші кезекте денсаулық сақтау мен білім алуға қолжетімдігіның бар болуы үшін жұмыс істеп келеді».

Инклюзия, жанұяның маңызды рөлі және әр бала үшін тең мүмкіндіктер беру жайлы сұрақтарға назар аудару үшін, Бала құқықтары туралы конвенцияның әртүрлі баптары муралдың негізіне алынған. Жұмыстардың авторы – қазақстандық суретші Багиров Азиз, қабырғаға суреттерді Нұр-Сұлтан қаласының көркемөнер мектебінің оқушылары мен педагогтары салды.

«Балалар бейбітшілік суретін салады» Қоғамдық қоры жас қазақстандықтардың шығармашылығын қолдаумен және ілгерілетумен айналысады. Соңғы 10 жыл ішінде Алматыда №2 балалар клиникалық ауруханасының қабырғаларына, Оқушылар сарайының ертегілер залына, Психикалық денсаулық орталығының дәлізі мен балалар палатасына, №2 балалар үйінің ішкі ауласына, № 125 балабақшаның залдарына, «Үміт» Үйінің табиғат бұрышына және басқа көптеген жерлерде суреттер салынды. Бұл құжаттың қаншалықты маңызды екендігін түсіне және қабылдай отырып, біз ЮНИСЕФ-тің бастамасын сүйсіне қолдадық және Бала құқықтары туралы конвенцияның Қазақстандағы 25 жылдығын мерекелеуге қуана қосылдық», — деп атап көрсетті «Балалар бейбітшілік суретін салады» ҚҚ жобаларының үйлестірушісі Мөлдір Бекжан.

Әлеуметтік муралдар мен граффити ғимараттардың сыртқы түрін көркемдеуге ғана емес, сонымен қатар қаланың балаға дос болуға ұмтылысын баса көрсетуге және балалардың құқықтарын қорғауға және ілгерілетуге ерекше көңіл бөлуге мүмкіндік береді.

Айта кетейік, мурал — (Mural) — бұл үлкен өнер туындысы, көбінесе картина немесе қабырға бетіне салынған «граффити». Бұл қазіргі заманғы көше өнері, ол ғимараттарға әсемдеуге бағытталған.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *