«Тарихтан тағылым – өткенге тағзым» Х халықаралық форумы өтті

888

30 мамырда Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясы Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне арналған жыл сайынғы «Тарихтан тағылым – өткенге тағзым» халықаралық мәдени жобасы аясында бірқатар іс-шара ұйымдастырды. Бұл туралы ҚХА Баспасөз қызметі хабарлайды.

Қазақстан Республикасының Ұлттық мұражайында өткен:

· «Кемел болашақ үшін өткенді тарихи-мәдени ұғыну» тақырыбындағы ғылыми-тәжірибелік конференция;

· ҚР Президенті Мұрағатының өзге халықтардың Қазақстанға жер аударуына арналған тарихи-деректі көрмесі;

· «Депортациялар тарихынан. Қазақстан. 1939-1945 жж.» деректі жинағының III томының және «Лев Премиров: исповедь художника Карлага» кітабының тұсаукесері;

· «Баға жетпес сый» акциясы сынды іс-шараларға ҚХА Төрағасының орынбасары – ҚР Президенті Әкімшілігі ҚХА хатшылығының меңгерушісі Ж. Түймебаев, ҚР Парламентінің депутатттары, дипломатиялық уәкілдік пен мемлекеттік органдар өкілдері, ҚХА мен «Қоғамдық келісім» мүшелері, этномәдени бірлестіктердің өкілдері, шетелдік және отандық сарапшылар, ғылыми интеллегенция, қуғын-сүргінге ұшырағандардың ұрпақтары қатысты.

Сондай-ақ, «Тарихтан тағылым – өткенге тағзым» Х халықаралық форумы шеңберінде Нұр-Сұлтан қаласының білім ордаларында және Достық үйінде «Бейбітшілік сабақтары» ұйымдастырылып, қонақтар мен қатысушылар форум тақырыбында пікір алмасты.

Нұр-Сұлтан қаласының Достық үйінде өткен «Бейбітшілік сабағына» Ассамблея мүшелері, білім ордаларының профессорлары мен оқытушылар құрамы, мұражайлар мен кітапханалар мамандары, этномәдени бірлестіктердің өкілдері мен жастар қанаты қатыса отырып, форум тақырыбында бірқатар баяндамалар оқылды.

Еуразиялық интеграция институты директорының орынбасары – тарих ғылымдарының докторы Н.Калашникова, «Мицва» Қазақстанның еврей ұлттық ұйымдарының қауымдастығы» ЗТБ басшысы – ҚХА мүшесі А.Барон және Ресей ғылым академиясының Қабарда-Балқария ғылыми орталығының жетекші маманы – ғылымдарының докторы С.Аккиева саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу бойынша ойларын ортаға салды.

Форум қонақтары мен қатысушылары бейбітшілік пен келісімді, этностар мен жалпыадамзаттық құндылықтарды нығайтуды, әлем елдеріндегі жер аударылған халықтардың тарихы, тілі, мәдениеті мәселелерін зерттеу бағыттарында халықаралық ынтымақтастықты дамытудың маңызын атап өтті.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *