БЕС БАЛАЛЫ МҮГЕДЕК ӘКЕ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ

807
Қасиетті рамазан айында арманы орындалған жанұяның отағасы екінші топтағы мүгедек. Бес баланың әкесі де анасы да жұмыссыз жандар. Қайырымды азаматтардың арқасында екінші баспана тұл жетімге бұйырды. Түркістан облысында мұндай қуанышты жаңалық жылда жалғасын табуда, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.  
Былтыр 12 көпбалалы аналар мен аз қамтылған отбасыларға пәтерлер берілген. Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Естайұлы қайырымдылық шараларды халық арасында кеңінен насихаттап, түсіндіруіміз тиіс екенін атап өтті.
«Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бас мүфтиі Серікбай қажы Ораз арнайы келіп отыр. Өздеріңіз білетіндей, Елбасының көрегендігі, сарабдал саясатының арқасында өзінің шешімімен осыдан бір жыл бұрын Түркістан қаласы облыс орталығы болып қайта құрылды. Сенімді ақтау үшін бәріміз жұмылудамыз. Үкімет Түркістан туралы 5 рет қаулы қабылдады. Мұның бәрі үлкен жұмысты талап етеді. Сондықтан да бізге осындай бірлік, ынтымақ өте қажет. Елбасының тапсырмасымен бірталай әлеуметтік бастамаларды іске асырып жатырмыз. Көпбалалы аналар мен әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларды қолдау жөнінде жұмыстар жүргізіліп жатыр. Сіздерді рамазан айымен тағы да құттықтаймын. Отбасыларыңызға амандық тілеймін», – деді облыс әкімі.
Сонымен қатар зиялы қауым өкілдері де ізгі тілектерін білдірді. Жалпы дін саласының өкілдері облыс халқының бірлігі мен ынтымағын, ауызбіршілігін нығайта түсуге, дініміздің берік, дәстүріміздің бекем болуына үлес қосатыны айқын. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бас мүфтиі Нұр-Сұлтан қаласы мен Алматыдан кейін Түркістанда ауызашар беруге арнайы келді.



ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *