«Жылы жүрек» қозғалысының еріктілері балаларды қорғау күніне орай жыл сайынғы акциясын өткізді

795

Beeline Қазақстан компаниясындағы «Жылы жүрек» корпоративтік қозғалысының еріктілері балаларды қорғау күніне орай жыл сайынғы республикалық акциясын қорытты, деп хабарлайды компанияның Корпоративтік қатынас қызметі.

Ай бойы белсенділер балалар үйлеріндегі, интернаттардағы және әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардағы екі жүзден астам балаға мереке ұйымдастырды. Нұр-Сұлтанда «Мүгедек балалар қоғамы» ҚБ-мен бірге арнайы ертеңгілік өткізді.

Beeline Қазақстанның Корпоративтік қатынас жөніндегі директоры Алексей Бендзьдің айтуынша,  акция Қазақстанның бүкіл бизнес-қауымдастығына үлгі болуы тиіс:

«Қызметкерлердің ықыласының арқасында жыл сайын жүздеген бала тегін көмек алады. Ал компания – адал, өмірге бей-жай қарамайтын, жақындарына көмектесу идеясымен біріккен қоғамға қол жеткізеді. Одан бөлек, еріктілер – бірінші кезекте, нағыз білікті маман, олар өз көшбасшылық қасиеттерін жұмыста да сәтті пайдаланады, және бұл жетекшілер тарапынан қолдау тауып, лауазымдық көрсеткіштермен расталуда. Корпоративтік еріктілер бағдарламасын жетілдіру тәжірибесімен бөлісуге және оны қолдауға дайынбыз. Қазақстандық компанияларда мұндай бастамалар көбейген сайын, қоғамымыздың жағдайы жақсара түспек», — деп А.Бендзь мәлімдеді.

Beeline Қазақстанның корпоративтік еріктілер бағдарламасы 2008 жылы ашылып, содан бері сәтті жұмыс істеп келеді. Еріктілер ұяшықтары компанияның барлық филиалында қойылған. Еріктілер жобаларына компанияның 1000-ға жуық қызметкері белсене қатысуда. «Жылы жүрек» бағдарламасының аясындағы акциялар әртүрлі мерекелерге арналады, сонымен қатар белсенділер Қазақстанның барлық аумағында ағаш отырғызуға, сенбіліктерге, әртүрлі әлеуметтік нысандар мен әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға бұйымдарды жинауға атсалысуда.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *