Артур ван Дизен ЮНИСЕФ-тің Қазақстандағы жаңа Өкілі болып тағайындалды

988

Қазақстандағы БҰҰ-ның Балалар қорының (ЮНИСЕФ) өкілдігін шамамен 4 жыл бойы басқарған Юрий Оксамитныйдың орнына Артур Ван Дизен ЮНИСЕФ-тің жаңа Өкілі болып тағайындалды. Бұл туралы ЮНИСЕФ-тің Қазақстандағы қоғаммен байланыс бөлімі хабарлайды.

Артур ван Дизен Нидерландының азаматы болып табылады. ЮНИСЕФ-тің Қазақстандағы кеңсесінің Өкілі болып тағайындалғанға дейін, Артур Ван Дизен Таяу Шығыс пен Солтүстік Африкадағы ЮНИСЕФ-тің әлеуметтік саясаты бойынша Аймақтық Кеңесшісі (2015-2019) болған, сондай-ақ Тәжікстандағы ЮНИСЕФ Өкілінің Орынбасары (2010-2015) болған.

ЮНИСЕФ-ке келгенге дейін Артур Ван Дизен Ұлыбританияның халықаралық даму департаментінде, БҰҰДБ және бірнеше халықаралық ҮЕҰ-да жұмыс істеген. Ол Африкада, Оңтүстік және Орталық Азияда және Таяу Шығыста қызмет атқарған.

Артур Ван Дизен әлеуметтік саясат саласында, қолданбалы әлеуметтік зерттеулерде, мониторинг пен бағалауда және бағдарламаларды басқаруда 25 жылдан астам тәжірибесі бар. Білімі бойынша әлеуметтанушы, Нидерландыдағы Тильбург университетінде магистр дәрежесін алған. Үйленген, үш қыздың және бір ұлдың әкесі.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *