«Мінбер» медиатренерлерді семинарға шақырады

370

«Мінбер» журналистерді қолдау орталығы Интерньюс-Қазақстан өкілдігінің ұйымдастыруымен MediaCamp бағдарламасы аясында «Медиа ақпараттық сауаттылық» тақырыбында тренерлерге арналған тренинг өткізуді жоспарлап отыр. Жобаны ЮСАИД қоры қолдап отыр.

Тренинг 29-30 маусым күндері Алматыда «Қазжол» қонақүйінде өтетін болады. Орын саны шектеулі болғандықтан, болашақ тренерлер арасында конкурс жарияланады.

Конкурсқа қатысу үшін www.minber.kz сілтемесіне өтіп, сауалнаманы толтырып, кері жолдасаңыздар болды. Орын саны шектеулі болғандықтан сауалнаманы тиянақты, әрі жақсы толтырғандардың ішінен 15 қатысушы іріктеліп алынады.

«Мінбер» тренингке қатысушылардың жол және қонақ үй шығындарын өз мойнына алады.

Тренингке қатысушыларға қойылатын талап – семинар-тренингтен алған білімдерін өз өңірлерінің медиа белсенділері мен студенттермен, журналистермен бөлісіп, 90 минуттық үш тренинг өткізу.

 

 




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *