Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегия Маңғыстау облыстық қылмыстық-атқару жүйесі департаментінде талқыланды

472

Маңғыстау облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің ұйымдастыруымен және Агенттіктің аумақтық департаментімен бірлесіп, ҚР 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы және Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының шеңберінде семинар-кеңес өтті. Бұл туралы  департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Семинар-кеңеске департамент басшылығымен бірге Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросы Маңғыстау облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Б.Махмуд, Агенттіктің аумақтық департаментінің мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басқармасының басшысы Ж. Маршакұлы, «Нұр Отан» партиясының Маңғыстау облыстық филиалынан қоғам белсенділері Е. Іңірбайұлы, Б. Жайлов және А. Ертілеуова қатысты.

Алғы сөзді ұйымдастырушы департамент бастығы, әділет полковнигі Жасталап Басаров алып, қатысушыларға спикерлерді таныстырып, Агенттіктің аумақтық департаментінің басшысы Нұргүл Алмасқызына сөз берді.

Спикер өз кезегінде Агенттіктің басым бағыттарының бірі қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру екендігін, парақорлық сияқты қоғамды жайлаған кеселмен күресуге бүкіл жұртшылықты тарту міндеті тұрғандығын атап өтті.

Сонымен бірге, 2019-2020ж.ж. арналған Агенттік пен Ішкі істер министрлігі арасындағы өзара іс-қимылдың Жол картасы, құқық қорғау органдарындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелерін көтеріп, «Атырау – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің бастамасымен қолға алынып полиция қызметкерлерін адал болуға, әділдік пен шыншылдыққа шақыратын, қоғам ішінде оң имиджін қалыптастыруға бағытталған «Адалдық айнасы» жобасын оң тәжірибе ретінде ұсынды.

Әрбір кезекшілік алдында әр қызметкер сол айнаға қарап, отбасын тағы бір есіне түсіріп, ардан аттамауға, адал қызмет етуге іштей уәде беретіні сөзсіз.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросы Маңғыстау облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Бақдәулет Махмуд түсіндірме шараларының басты мақсаты қоғамда үрей туғызу емес, керісінше сыбайлас жемқорлықтың превенциясы, яғни алдын алу болып табылады.

Әдеттегідей, департаменттің мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басқармасының басшысы Жасұлан Маршакұлы «Digital agent» мобильдік қосымшасымен таныстырып, көрсетілетін қызметтер нәтижесін бағалауға, қоңырау шалу арқылы аумақтық департаментке өз өтініштері мен оң пікірлерін қалдыруға мүмкіндік берілгендігін эксперимент негізінде көрсетті. Қызметкерлер сол бойда «Digital agent» мобильдік қосымшасын өз смартфондарына жүктеп, тиісті нөмірге қоңырау шалып, оператормен байланысып, ендігі жерде мемлекеттік органдарды жағаламай, үйде отырып та кез-келген қызметке арыз-шағымын қалдыра алатындықтарына көздерін жеткізді.

Жиын соңында сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытта арнайы бейнероликтер көрсетіліп, қатысушыларға үлкен ой тастағандай болды. Спикерлер олардың сұрақтары мен ұсыныс пікірлерін тыңдап, назарға алды.

 

 




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *