Қара құрдымға құласа не болады?

175

«Жер шары кері әсер ете алатын сұмдық жағдайлар жетерлік. Мысалы, ғарышта дем алмай тұрса, адамның өкпесі жарылып кетеді. Ал егер бүкіл ауаны лезде жұтатын болсаңыз, бірнеше секундтан соң естен танасыз. Жер шарының кей жерінде адам мұзға айналса, кей жерде ыстықтан атомдар плазмаға айналып кетуі мүмкін. Ал адам қара құрдымға кетсе не болатынын елестетіп көрдіңіз бе?», деп жазады Forbes басылымы. Автор айналып тұрған қара құрдымға түскенде не болады деген сұраққа жауап іздеп көрген.

«Әрине, бұл жағдайға куә бола алмаймыз, бірақ есептеп көруге болады. Бұл сұраққа ғылым жауап бере алады. Қара құрдымға кетіп бара жатқан объект аз жылдамдықта алыстай бастайды. Ол өзінің түсін сақтай отырып, біртіндеп жылдамдығын арттыра береді. Одан кейін объект қайта бәсеңдеп, өшіп қалады, көзден таса болады. Одан соң түсі қызылдана бастайды. Ал қара құрдымға кетіп бара жатқан объектіге алыстан қарағанда объектінің құлау орны көрінгендей болады. Қара құрдымға кетіп бара жатқан объект жерді тегіс тақта күйінде көреді», деп жазады автор.

Дереккөз: inform.kz




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *