Елімізде кезектен тыс Президент сайлауы өтіп жатыр

462

Бүгін елімізде Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы өтуде. Сайлау учаскелерінде дауыс беру сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін жүргізіледі. Бүгін бүкіл ел және шетелде 9968 сайлау учаскесі жұмыс істеуде.

Kazgazeta.kz тілшісі Алматы қаласындағы №258, 259, 263, 270, 264, 367, 368 сайлау учаскілерін аралап, сайлау процесінен арнайы фоторепотаж жасап қайтты. 

Сағат 7.00

Аймақтар ұсынған ақпаратқа сәйкес, 8023 сайлау учаскесі дауыс беру рәсімін бастады.

Дауыс беруді бастаған 48 сайлау учаскелерінің ішінен олар тиісті аумақтық сайлау комиссияларының шешімдеріне сәйкес, сағат 6 дауыс беруге кірісті.

Мейірбек ҚАҚАРБЕКОВ,

ҚазҰУ-дың география және табиғатты пайдалану факультетінің 2-курс студенті:

-Өмірімде бірінші рет сайлауға қатысып отырмын. Жасым-он тоғызда. Осында ерте келіп, өз таңдауымды жасадым. Президент сайлауы-елімізге, жұртымызға бейбітшілік алып келетін, әлемнің алдыңғы қатарлы мемлекеттерімен жарысқа түсе алатын мемлекеттер қаратына қосатын үміткерді анықтайды. Сондықтан, сайлауда кімде-кім жеңіп шықса да, ол қазақтың басын көтеріп, елдің әл-ауқатын жоғарылататын перзидент болсын дейміз. Сайлауға алғаш келгендіктен қобалжу болды. Өзім таңдаған адамға дауыс бердім. Енді оның нәтижесін ертең көрсете жатар.

Дана САНДЫБАЙ,

ҚазҰУ-дың философия және саясаттану факультетінің 3-курс студенті:

-Қай жағынан алып қарасақ та, бұл сайлау қазақ елі үшін маңызды. Өйткені, біздің елдің ертеңгі болашағы, таңдаған адамымыздың қолында. Басқа елдермен бақ сынасатын басшымыз болса, қазақ елі ешқашан басын төмен түсірмейді.

Сағат 8.00

Аймақтар ұсынған ақпаратқа сәйкес, 9920 сайлау учаскесі дауыс беру рәсімін бастады.

Шетелдегі 48 сайлау учаскелесі дауыс беруді кешірек бастайды.

Сайлауға байланысты Алматы қаласында қоғамдық көліктерде жол жүру тегін

Бану СӘРСЕНБЕКОВА,

Алматы қаласындағы №263 сайлау учаскісінің төрайымы:

-Біздің Республикалық спорт коллджі ғимаратындағы №263 сайлау учаскісінің учаскілік сайлау коммисиясына студенттермен қатар жергілікті тұрғындар да белсенді қатысты. Бізде сағат таңғы жетіден тоғызға дейінгі аралықта қандайда бір мәселе және құқық бұзыушылық туындаған жоқ.Әркім өзінің таңдаған кандидатына дауыс береді. Кім белсенді, сол жеңеді деген ойдамын.

Сағат 9.14

Алматы әкімі Бауыржан Байбек дауыс беруге жарымен және ұлымен келді. Қала әкімі №40 мектепте орналасқан № 235 сайлау учаскесінде дауыс берді.

«Барлық алматылықты осы күнмен құттықтаймын! Бүгін сайлау, әрбір қазақстандық, солардың қатарында алматылықтар да болашағы үшін — балалары, немерелері, еліміздің гүлденуі мен тұрақтылық үшін таңдау жасайды деп ойлаймын», — деді Бауыржан Байбек.

Сағат 9.41

Қасым-Жомарт Тоқаев «Астана Опера» театрында сайлау учаскесінде дауыс берді. «Бүгін ерекше, тарихи күн деуге болады. Меніңше, әрбір сайлау, әсіресе Президент сайлауы шайқас алаңы емес. Бұл тек бағдарламалар мен пікірлердің жарысы. Біздің халық елімізде болып жатқан саяси жағдайларға ешқашан немқұрайлы қараған емес. Бұл жолы да халқымыз белсенді болып, еліміздің болашағы үшін дауыс береді деп сенемін», — деді Тоқаев.

Сағат 10.00

Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың сайлау комиссияларының ұсынған мәліметтеріне сәйкес 2019 жылғы 9 маусым сағат 10.00-дегі жағдай бойынша тізімге енгізілген сайлаушылардың 12,8 % сайлау бюллетеньдерін алды.

Олардың ішінде:

Ақмола облысы бойынша – 20,5 %

Ақтөбе облысы бойынша – 16,0 %

Алматы облысы бойынша – 17,7 %

Атырау облысы бойынша – 8,5 %

Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 15,5 %

Жамбыл облысы бойынша – 18,5 %

Батыс Қазақстан облысы бойынша – 7,4 %

Қарағанды облысы бойынша – 10,1 %

Қызылорда облысы бойынша – 11,1 %

Қостанай облысы бойынша – 12,8 %

Маңғыстау облысы бойынша – 9,7 %

Павлодар облысы бойынша – 11,4 %

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 14,2 %

Түркістан облысы бойынша – 14,5 %

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша – 10,3 %

Алматы қаласы бойынша – 4,1 %

Шымкент қаласы бойынша – 11,9 %

Ғалия АХМЕТОВА,

Республикалық физика-математика мектебінің математика пәнінің мұғалімі:

-Сайлаудан жақсылық күтемін. Қазақстан халқының өмір деңгейі жоғары болса деп тілейміз. Мен өзім мұғалім болғандықтан, әсіресе, мұғалімдерге көбірек жағдай жасалса деп ойлаймын. Бізде әлеуметтік мәселелер өте көп. Мәселен, көп балалы аналар немесе толық емес жанұялар, балалар үйі және тағы басқаларында жағдай жақсы болса екен деймін. Адамдардың әлеуеті жақсарса-елімізде көркейер еді.

Зәуреш БУЛКАНОВА, Алматы қаласының тұрғыны, зейнеткер:

-Отандық өнімдеріміз қымбаттамаса екен. Зейнеткерлер үшін, бұл күнделікті тағамдар бағасының аспандап кетуі, үлкен ауыртпалық. Жастарға да қамқорлық керек. Елімізде оқу ақысы жоғары. Бұл әсіресе, көп балалы отбасылар үшін тіпті қиын. Осындай мәселелердің шешімі табылып, еліміз тыныш, аспанымыз ашық болса екен! Сайлаудан жеңіп шығатын президент осы және өзге де мәселелерге бей-жай қарамай, халыққа жақын болады деген ойдамын.

Сағат 10.28

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Президент сайлауында дауыс берді.

Сағат 12.00

Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың сайлау комиссияларының ұсынған мәліметтеріне сәйкес 2019 жылғы 9 маусым сағат 12.00-дегі жағдай бойынша тізімге енгізілген сайлаушылардың 35,1 % сайлау бюллетеньдерін алды.

Олардың ішінде:

Ақмола облысы бойынша – 45,9 %

Ақтөбе облысы бойынша – 50,3 %

Алматы облысы бойынша – 47,3 %

Атырау облысы бойынша – 33,5 %

Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 44,8 %

Жамбыл облысы бойынша – 43,7 %

Батыс Қазақстан облысы бойынша – 26,1 %

Қарағанды облысы бойынша – 29,6 %

Қызылорда облысы бойынша – 39,3 %

Қостанай облысы бойынша – 35,5 %

Маңғыстау облысы бойынша – 29,3 %

Павлодар облысы бойынша – 36,0 %

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 33,9 %

Түркістан облысы бойынша – 30,0 %

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша – 24,6 %

Алматы қаласы бойынша – 19,0 %

Шымкент қаласы бойынша – 24,6 %

Сағат 14.00

Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың сайлау комиссияларының ұсынған мәліметтеріне сәйкес 2019 жылғы 9 маусым сағат 14.00-дегі жағдай бойынша тізімге енгізілген сайлаушылардың 51,8 % сайлау бюллетеньдерін алды.

Олардың ішінде:

Ақмола облысы бойынша – 56,7 %

Ақтөбе облысы бойынша – 69,4 %

Алматы облысы бойынша – 63,0 %

Атырау облысы бойынша – 45,4 %

Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 59,8 %

Жамбыл облысы бойынша – 56,3 %

Батыс Қазақстан облысы бойынша – 40,9 %

Қарағанды облысы бойынша – 49,7 %

Қызылорда облысы бойынша – 63,1 %

Қостанай облысы бойынша – 55,8 %

Маңғыстау облысы бойынша – 52,4 %

Павлодар облысы бойынша – 45,9 %

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 53,6 %

Түркістан облысы бойынша – 49,3 %

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша – 37,6 %

Алматы қаласы бойынша – 37,0 %

Шымкент қаласы бойынша – 40,5 %

Сағат 16.00

Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың,  астананың сайлау комиссияларының ұсынған мәліметтеріне сәйкес 2019 жылғы 9 маусым сағат 16.00-дегі жағдай бойынша тізімге енгізілген сайлаушылардың 65,9 % сайлау бюллетеньдерін алды.

Олардың ішінде:

Ақмола облысы бойынша – 75,1 %

Ақтөбе облысы бойынша – 79,7 %

Алматы облысы бойынша – 78,9 %

Атырау облысы бойынша – 64,9 %

Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 69,8 %

Жамбыл облысы бойынша – 71,8 %

Батыс Қазақстан облысы бойынша – 59,8 %

Қарағанды облысы бойынша –  63,1 %

Қызылорда облысы бойынша –  64,5 %

Қостанай облысы бойынша – 69,7 %

Маңғыстау облысы бойынша  – 60,3 %

Павлодар облысы бойынша – 67,9 %

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 68,3 %

Түркістан облысы бойынша – 70,0 %

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша – 49,6 %

Алматы қаласы бойынша – 45,7 %

Шымкент қаласы бойынша – 55,6 %

Сағат 18:00

Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың сайлау комиссияларының ұсынған мәліметтеріне сәйкес 2019 жылғы 9 маусым сағат 18.00-дегі жағдай бойынша тізімге енгізілген сайлаушылардың 72,9 % сайлау бюллетеньдерін алды.

Олардың ішінде:

Ақмола облысы бойынша – 81,0 %

Ақтөбе облысы бойынша – 84,1 %

Алматы облысы бойынша – 86,3 %

Атырау облысы бойынша – 71,1 %

Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 77,2 %

Жамбыл облысы бойынша – 73,8 %

Батыс Қазақстан облысы бойынша – 66,2 %

Қарағанды облысы бойынша – 72,8 %

Қостанай облысы бойынша – 81,1 %

Қызылорда облысы бойынша – 69,1 %

Маңғыстау облысы бойынша – 65,7 %

Павлодар облысы бойынша – 73,1 %

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 75,7 %

Түркістан облысы бойынша – 78,8 %

Алматы қаласы бойынша – 49,2 %

Шымкент қаласы бойынша – 63,6 %

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша – 63,7 %

Сағат 20:00

Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың сайлау комиссияларының ұсынған мәліметтеріне сәйкес 2019 жылғы 9 маусым сағат 20.00-дегі жағдай бойынша тізімге енгізілген сайлаушылардың 77 % сайлау бюллетеньдерін алды.

Олардың ішінде:

Ақмола облысы бойынша –83%

Ақтөбе облысы бойынша – 84,6 %

Алматы облысы бойынша – 89 %

Атырау облысы бойынша – 71,2 %

Шығыс Қазақстан облысы бойынша –84,5%

Жамбыл облысы бойынша –81,3%

Батыс Қазақстан облысы бойынша – 66,2 %

Қарағанды облысы бойынша – 77,1%

Қостанай облысы бойынша –84%

Қызылорда облысы бойынша – 77,6%

Маңғыстау облысы бойынша –68,3%

Павлодар облысы бойынша –79,5%

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша –79,8%

Түркістан облысы бойынша –84,8%

Алматы қаласы бойынша –52,2%

Шымкент қаласы бойынша –67,1%

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша –68,3%

Дайындаған: Досжан БАЛАБЕКҰЛЫ
(Суреттерді түсірген автор)




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *