Қазақстанда Президент сайлауында дауыс беру аяқталды

714

9 маусым күні Нұр-Сұлтан уақытымен 21:00-де Қазақстанның қалған 5 өңірінде де кезектен тыс Президент сайлауында дауыс беру аяқталды.

Астана уақытымен 21:00-де (Батыс Қазақстан уақытымен 20:00-де) Қазақстанның бес өңірінде: Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қызылорда және Маңғыстау облыстарында дауыс беру аяқталды. Бұған дейін елдің 17 өңірінің 12-сінде дауыс беру аяқталғанын хабарлаған болатынбыз. Еске сала кетейік, Қазақстанда кезектен тыс Президент сайлауы күні сайлау учаскелері жергілікті уақытпен 07:00-де ашылып, 20:00-ге дейін жұмыс істеді. Қазақстан аумағында және оның сыртында 9 968 сайлау учаскесінде сайлаушылар дауыс берді.

Дереккөз: inform.kz 

Фото: Досжан БАЛАБЕКҰЛЫ




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *