Сайлаушылардың 70,13 проценті Қасым-Жомарт Тоқаевқа дауыс берді

644

Елордадағы Орталық коммуникациялар қызметінде арнайы брифинг өтіп, «Қоғамдық пікір» институтының кеңес төрайымы Айнұр Мәжитова сайлау нәтижелерін мәлім етті. Еxit poll нәтижесі бойынша 9 маусымда өткен ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауы барысында сайлаушылардың 70,13 проценті кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевқа дауыс берген. 

«Қоғамдық пікір» институты бүгін күні бойы сайлау учаскелерінің шыға берісінде азаматтарға әлеуметтік зерттеу Exit poll жүргізді. Сұхбаттасушылар 325 сайлау учаскесінде сауалнама жүргізді. Оның ішінде облыс орталықтыры мен Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында 97 учаске, шағын қалаларда 94 учаске, ал ауыл округтерінде 134 учаске қамтылды», — А. Мәжитова.

Exit poll-дың дауыстарды есептеу барысындағы нәтижеі төмендегідей:

Жамбыл Ахметбеков — 3,86 процент;

Дания Еспаева — 5,32 процент;

Әміржан Қосанов — 15,39 процент;

Төлеутай Рахымбеков — 3,03 процент;

Амангельді Таспихов — 1,41 процент;

Қасым-Жомарт Тоқаев — 70,13 процент;

Садыбек Түгел — 0,86 процент.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *