Нұр-Сұлтан қаласының Қазақстан халқы ассамблеясы этномәдени бірлестіктерінің гала-концерті өтті

1211

9 маусым күні Нұр-Сұлтан қаласының «Жетісу» саябағында қала әкімдігі мен Мәдениет және спорт басқармасының қолдауымен, Нұр-Сұлтан қаласы Қазақстан халқы ассамблеясы этномәдени бірлестіктерінің шығармашылық топтары қала тұрғындары мен қонақтарына мерекелік гала-концерт ұйымдастырды.

Концерттің ашылуында сөз алған Нұр-Сұлтан қаласы ҚХА хатшылық меңгерушісі Л.Құсайынова және қала әкімдігінің жанындағы «Қоғамдық келісім» КММ директоры Н.Айдашев елордалықтарды мерекемен құттықтай отырып, белсенділік танытқан этномәдени орталықтың шығармашылық ұжымдарын қала әкімінің «Алғыс хатымен» марапаттап, сыйлықтар табыстады.

Гала-концертке Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің, этномәдени бірлестіктер мен жастар қанатының өкілдері қатысты.

Кеш соңында ҚХА Төрағасының орынбасарлары Ю.Келигов және Ш.Пулатов құттықтау сөз сөйлеп, татулық пен бірліктің туын әрдайым ұстанатын барша қазақстандықтарға жылы лебіздерін жеткізді.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *