«ӘЗІРЕТ СҰЛТАН» мешітінде «ИМАНИ ЖАЗ» жазғы сауат ашу курсы басталады

1022

ҚМДБ-на қарасты мешіттерде оқушылардың жазғы демалысына орай жыл сайын «Жазғы сауат ашу курстары» ұйымдастырылып келе жатқанына осымен бірнеше жылдың жүзі болды. Еліміздің бас мешіті атанған «Әзірет Сұлтан» мешітінде бұл игі шараның ауқымы жылдан-жылға кеңейіп келеді.

Қазіргі таңда «Әзірет Сұлтан» мешітіндегі жазғы сауат ашу курсының тәрбиеленушілеріне арналған арнайы оқу бағдарламасы да жүйеленген. Арнайы әзірленген «Құран әліппесі», «Имандылық әліппесі» секілді оқулық құралдары балдырғандардың 20 күн ішінде таным көкжиектерін кеңейтіп, білімдерін арттыра түсулеріне септігін тигізеді.

Биылғы жылы «Әзірет Сұлтан» мешітіндегі «Жазғы сауат ашу курсына» 8-15 жас аралығындағы 400 бала қабылданып отыр. Маусым айының 12-жұлдызында жазғы лагерь өз жұмысын бастайды. Осыған орай, «Қош келдің балақай!» атты мерекелік іс-шара өтеді.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *