Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғыз Республикасының Президенті Сооронбай Жээнбековпен кездесті

441

Қасым-Жомарт Тоқаев Сооронбай Жээнбековке жылы қабылдағаны үшін ризашылық білдіріп, Қазақстан Республикасының Президенті қызметіне ресми кіріскеннен кейінгі өзінің алғашқы сапарын Қырғыз Республикасынан бастағанының символдық мәні барын айтты.

– Ұлықтау рәсімінен кейінгі Бішкек қаласында кездесуіміз – жақсылықтың нышаны. Біз жақында Нұр-Сұлтан қаласында кездесіп, екі жақты ынтымақтастықтың бірқатар мәселелерін талқыладық. Біздің қазіргі міндетіміз – сол келісімдерді жүзеге асыру, – деді Қазақстан Президенті.

Қырғыз Республикасының Президенті Сооронбай Жээнбеков Қасым-Жомарт Тоқаевты сайлаудағы жеңісімен құттықтап, екі ел қарым-қатынастарының одан әрі нығая түсетініне сенім білдірді.

Тараптар алдағы Шанхай ынтымақтастық ұйымы саммитінің күн тәртібі бойынша пікір алмасты.

Дереккөз: Ақорда.кз




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *