Бішкекте ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысы өтеді

1349

Бүгін Қырғыз астанасы Бішкек қаласында Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің 19-отырысы өтеді. Шараға Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қатысады.

ШЫҰ-ның даму жай-күйі мен келешегі жайында пікір алмасылып, өңірлік және халықаралық өзекті мәселелер талқыға түсетін отырысқа Қырғыз Президенті С.Жээнбеков төрағалық жасап,  Үндістан Премьер-Министрі Нарендра Моди, ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин, Ресей Президенті В.Путин, Пәкістан Премьер-Министрі Имран Хан, Өзбекстан Президенті Ш. Мирзиёев, Тәжікстан Президенті Э.Рахмон қатысатындығы күтіледі. Мұнан бөлек, шараға Ауғанстан Президенті А.Гани, Беларусь Президенті А.Лукашенко, Иран Президенті Х.Рухани, Моңғолия Президенті Х.Баттулга қатысатындығы жоспарланған.

Дереккөз: inform.kz




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *