«Kóshpendiler Álemi» атты Көшпенділер этномәдениетінің VI халықаралық фестивалі Нұр –Сұлтан қаласында өтеді

283

2019 жылдың маусым айының 28-30 жұлдыздары аралығында Нұр –Сұлтан қаласында «Kóshpendiler Álemi» атты Көшпенділер этномәдениетінің кезекті IV — халықаралық фестивалі өтеді.

Іс-шара «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ тарапынан Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт минстрлігі Туризм индустриясы комитеті тапсырысы бойынша, Нұр – Сұлтан қаласы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылуда.

Фестивалдің негізгі мақсаты – көшпенділердің тарихи және мәдени мұрасын насихаттау, ұлттық салт-дәстүрді, идеологияны, шайқас өнерін жаңғыртуға және мемелекеттер арасындағы мәдени қарым-қатынасты нығайтуға арналған платформа ретінде қалыптастыру. Іс-шара елімізге шет елдік туристерді тартатын және ішкі туризмнің дамуына оң әсерін тигізетін маңызды оқиғалардың бірі болып табылады.

Фестиваль концепциясы 2008 жылдан бері Венгрия Халық Республикасында өтетін Түркі халықтарының Үлкен Құрылтайының сәтті моделіне негізделген. Жобаның бас кеңесші ретінде Үлкен Құрылтайдың ұйымдастырушысы – белгілі ғалым-антрополог Андраш Биро бастаған «MagyarTuran» қоры қолғабыс етеді.

Фестиваль бағдарламасында: қатысушылардың Нұр-Сұлтан қаласы көшелерімен шеруі, кәсіби садақшылардың жарысы, көкпаршылар мен, бүркітшілердің сайысы, сауыт-саймандары тарихи дереккөздерге егізделіп жасалған батырлардың көрсетімділік жекепе-жектері сонымен қатар, шабандоздардың өнері көрсетілетін болады.

Сайыстарға қатысу үшін Қазақстанға Түркия, Әзербайжан, Бұлғария, Иран, Оңтүстік Корея, Қырғыз, Моңғолия және Өзбекстаннан командалар келеді.

Фестиваль қонақтары көшпенділердің өмір салтын тарихына үңіліп көре алады. Әрбір қонақ фестивальде этномәдениеттің көпқырлылығын сезініп, халықтың өмірі мен салт-дәстүрлері туралы жаңа біліммен өздерін байытып, көшпенділердің тұрмысымен танысуға, қазақстандық қолөнершілерден мастер-класс алуға: киіз басу, былғарымен, күміспен, көзеші ұршығымен жұмыс істеуді үйрена алады. Фестиваль аясында көшпенділердің тарихымен Сақ, Қаңлы, Үйсін және Ғұн, дәуірлерінің костюмді көрсетілімі арқылы танысуға, бүркітшілердің шеберлігі мен аушы құстардың сұлулығына тамсануға мүмкіндік болады.

Іс – шара қонақтарын бүкіл әлемге танымал этно-музыка орындаушыларының қатысуымен музыкалық бағдарлама күтеді.

Өтетін мекен – жайы: Нұр — Сұлтан қаласы, Қарқаралы тас жолы 1, «Қазанат» ипподромының аумағы, «Этноауыл» ұлттық-мәдени кешені.

Толық ақпарат www.won.kz. сайтында.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *