«Денсаулық баршаға» атты жыл сайынғы VI-шыхалықаралық конгресі өткізіледі

1852

2019 жылғы 17 және 18 маусымда «Атакент» парк-отелі ғимаратында медициналық-санитариялық алғашқы көмекке арналған «Баршаға денсаулық» атты жыл сайынғы VI-шыхалықаралық конгресі өткізіледі.

Алдыңғы «Баршаға денсаулық» конгрестері диспансерлеу, вакцинациялау және эпидемиология, қоғамдық денсаулық, медициналық құқық сияқты өзекті мәселелерді көтерген. Және VI-шы конгресті ДДҰ спикерлері заманауи технология жағдайында МСАК қамтамасыз ету, желідегі құпиялылықты қамтамасыз ету, пациенттермен өзара іс-қимыл жасау, медицинаны цифрландырудың халықаралық тәжірибесі сияқты мәселелерді талқылайтын болады. Конгресте цифрландыру дәуіріне МСАК дамыту қағидаттары мен мәселелері қозғалады. Өйткені, медициналық-санитариялық алғашқы көмек халықтың денсаулығы мен саулығына ықпал ететін экономикалық, технологиялық және демографиялық өзгерістерге екпінді әсер етеді. Сол үшін де, біз цифрландыру жағдайында медициналық-санитариялық алғашқы көмекті неліктен және қалай дамыту қажет екендігін міндетті түрде талқылаймыз, пациенттің денсаулықты сақтауға және нығайтуға қандай құқықтары бар екендігі, адам және денсаулық сақтау ұйымы арасындағы диалогты қалай жөнге келтіру қажет екендігі жайлы әңгімелесеміз. Пациент және дәрігер арасындағы электрондық тілдесуге қатысты сұрақтар өте көп. Бір жағынан, цифрландыру дәрігер мен пациент арасындағы өзара іс-қимылды жеңілдетуге мүмкіндік береді және медициналық деректерге тұрақты қолжетімділіктің көмегімен пациенттердің денсаулық жағдайына мониторинг жасауға, ақпаратты цифрлық жүргізу арқылы ақпараттар алуды жеделдетуге көмектеседі. Ал екінші жағынан, біз заманауи жоғары технологиялы қоғамда адамның құпиялылығы мен медициналық ақпараттың қауіпсіздігін қалай сақтау керектігін түсінуіміз қажет. Сонымен қатар, біз медициналық құқық саласында халықтың сауаттылығын жоғарылату бойынша шараларды талқылайтын боламыз. Яғни, МСАК тақырыптарына қатысты көкейтесті мәселелерді осы іс-шарада талқыға салғымыз келіп отыр, — деп конференция жоспары туралы айтты «ҚДСЖМ» Қазақстандық медицина университетінің бірінші проректоры, медицина ғылымдарының кандидаты, профессор Ержан Сәбитәлиұлы Өтеулиев.

2018 жылғы 25 және 26 қазандаҚазақстан, Астана қаласында медициналық-санитариялық алғашқы көмек бойынша:Алматы декларациясынан денсаулық сақтау қызметтерімен жалпы қамтуға және тұрақты даму саласындағы мақсаттарға дейінЖаһандық конференциясы өткізілді.Осы уақытқа дейін МСАК саласында 40 жыл бойы 1978 жылы қабылданған Алматы декларациясы әрекет етті. Қазіргі құжатқа «Астана декларациясы» деген атау берілді.

Декларацияның басты қағидаты – барлық азаматтарды теңдей медициналық қызметпен қамтамасыз ету және денсаулық сақтауға бірлесе қол жеткізу болып табылады. Декларация барлық халықаралық денсаулық сақтау жүйесін өзгерте алды, бірақ заманауи қоғам, және ДДҰ жүйесіне цифрландыруды енгізу жағдайында декларация қағидаттарының бөлігі реттеуді, талқылауды және жетілдіруді қажет етеді. Қазақстан көп жылдар бойы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен өзара тығызіс-қимыл жасауда және конференцияға Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының сарапшылары, Жапония, Литва, Түркия, Малайзия, Греция сияқты түрлі елдердің спикерлері, денсаулық сақтау өкілдері қатысатын болады.

— МСАК негізгі қағидаты — пациент пен дәрігер арасындағы тікелей диалог болып табылады. Мұндай өзара әрекеттестікке денсаулық сақтау қызметкерлерінің көп саны қосылған: учаскелік терапевтер, педиатрлар, жалпы практика дәрігерлері, фельдшерлер, акушерлер, мейірбикелер және әлеуметтік қызметкерлер. Сондықтан, конференция түрлі деңгейдегі денсаулық сақтау саласының қызметкерлері үшін пайдалы болуы мүмкін. Біз конференцияға шамамен 2500 адам қатысады деп болжаудамыз, — деп белгілеп өтті Ержан Сәбитәлиұлы. Конгресс ұйымдастырушылары: Қазақстан Республикасы Денсаулықсақтау министрлігінің және Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының қолдауымен «ҚДСЖМ» Қазақстандық медицина университеті, МСАК және реабилитациялық-қалпына келтіру медицина мамандарының ҚАУЫМДАСТЫҒЫ, ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *