«Үркер» ұлттық сыйлығына өтінім қабылдаудың аяқталуына 5 күн қалды

149

Журналистерге арналған «Үркер-2019» ұлттық сыйлығына өтінім қабылдау 20 маусымда аяқталады.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, сыйлыққа өтінім 25 мамырдан қабылдана бастаған еді. Ұлттық сыйлық баспа, радио, интернет-журналистика саласындағы үздік жетістіктері үшін беріледі. Аталған сыйлық өңірлердегі мультимедиалық журналистиканы дамытуға ықпал ету, журналистика мәртебесін көтеру, кәсіби стандарттар мен критерийлерді бекіту, қоғамның  азаматтық белсенділігін арттыруға бағытталған. Сыйлықтың құрылтайшысы және ұйымдастырушысы — ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі. Биыл өтініштер жылдың үздік фотографиясы, жылдың үздік репортажы, жылдың үздік аналитикалық материалы, жылдың үздік журналистік зерттеуі, жылдың үздік сұхбаты, Қазақстан туралы жылдың үздік танымдық материалы, жылдың үздік радиостанциясы, жылдың үздік ақпараттық порталы, жылдың үздік газеті, жылдың үздік журналы, жылдың үздік new media-сы (telegram-канал, әлеуметтік желілердегі үздік ақпараттық паблик) номинациялары бойынша қабылданады. Үздіктерді арнайы құрылған комиссия айқындайды. Оның құрамына медиа саласының дамуына елеулі үлес қосқан танымал менеджерлер, журналистер, қоғам қайраткерлері енеді. Жеңімпаздарға 1 млн теңге және сыйлықтың арнайы естелік мүсіншесі табысталады. Еске сала кетсек, баспа, радио және интернет-журналистика саласындағы «Үркер» ұлттық сыйлығы 2017 жылдан бері тағайындалып келеді. Сол тұста Дәурен Абаев «осы сыйлықтың арқасында журналистердің біліктілік деңгейі жоғарылайтынын» атап өткен еді. 2017 және 2018 жылғы «Үркер» сыйлығының жеңімпаздарын мына сілтемелерден көруге болады: Үркер-2017 және Үркер-2018

 inform.kz




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *