БӘЙДІБЕК АУДАНЫНДА КӨПБАЛАЛЫ ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ

776

Түркістан облысы, Бәйдібек ауданы, Шақпақ ауылындағы көпбалалы Ақбала Өмірзақованың жанұясы баспаналы болды. Пәтерден пәтерге көшіп, жалдамалы үйде 4 баланы асырап, өмір сүріп келе жатқан отбасыға сыныптастары 1999 жылы мектепті бітірген түлектер 20 жылдық кездесулерінде сауапты іс жасады. Бұл туралы Бәйдібек ауданы әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Шақпақ ауылынан 3 бөлмелі пәтер кілтін тарту етіп, жергілікті көпбалалы ананы қуанышқа кенелтті. Сонымен қатар, өздерінің сыныптастары Ақбала Өмірзақованың үйіне көрімдік ретінде  тұрғын үйге қажетті тұрмыстық жиһаздар алып беріп, азық-түлікпен қамтамасыз етіп, көмек көрсетті. 

         Баспанаға ие болған көпбалалы отбасы Ақбала Өмірзақова  сыныптастарына алғысын білдіріп, ризашылығын жеткізді. Айта кетерлік жайт, Ақбала Өмірзақованың жолдасы ерте қайтыс болған. Төрт ұл-қызы бар. Үлкені 8-сыныпта, кішісі дайындықта оқиды. Жалпы Бәйдібек ауданында туған жерді түлетуге атсалысып, қайырымдылық жасап жатқан азаматтар жетерлік.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *