«Tengri Bank» АҚ басшылығындағы жаңа тағайындаулар

964

2019 жылғы 11 маусымда Нью-Дели қаласында (Үндістан Республикасы), Punjab National Bank ірі акционері өкілдерінің, қазақстандық және шетелдік инвесторлар тобының қатысуымен «Tengri Bank» АҚ (бұдан әрі – Банк) Директорлар кеңесінің бір ауыздан қабылданған шешімімен Директорлар кеңесі мен Банк Басқармасының құрамына өзгерістер енгізілді. Бұл туралы  «Grey Cardinals»PR — агентсттігінің баспасөз орталығы хабарлайды. 

Сонымен, бұрын Басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарған және Банктің ірі акционері – Punjab National Bank мүддесін ұсынушы Динеш Кумар мырза Банк Басқармасының төрағасы болып сайланды.

Динеш Кумар мырза өзінің банктік карьерасын 1986 жылы бастаған. Үндістан Банкирлер институтының сертификатталған мүшесі болып табылады. Әр жылдары Punjab National Bank (Үндістан Республикасы) басшы қызметтерін атқарған, оның ішінде Үндістанның түрлі өңірлерінде ірі филиалдарды басқарған. 2016 жылғы ақпан айынан бастап «Tengri Bank» АҚ Басқармасы төрағасының орынбасары – Басқарма мүшесі лауазымын атқарды.

Өз кезегінде, бұрын Банк Басқармасының төрағасы лауазымын атқарған Ержан Блокович Шайкенов өз жұмысын Банк Директорлар кеңесінің төрағасы ретінде жалғастыратын болады. Директорлар кеңесі Ержан Блокович Шайкенов мырзаға өзінің алғысын білдіреді, ол Банктің кірісін және клиенттерін көбейтуге бағытталған іс-шаралар кешенін жүзеге асырды, барлық операциялық қызметтерді нақты бақылап отыру жолға қойылды және Банктің АТ-инфрақұрылымын қайта құру процесі жүзеге асырылды. Басқарма төрағасының орынбасары – Басқарма мүшесі болып, бұрын қаржы директоры лауазымын атқарған Мұхтар Асқарұлы Беққали тағайындалды.

Директорлар кеңесі мен Банк Басқармасының басшы құрамын өзгерту активтер сапасын жоғары деңгейде сақтаған кезде нарықтық позицияны нығайтуға бағытталған Банкті дамыту стратегиясын іске асыру аясында жүргізілді. Банк портфельді әртараптандыру саясатын ұстанады және табыстылықты арттыруға, тәуекелдер мен шығындарды азайтуға, сондай-ақ сандық жүйеге көшіруге және автоматтандыруға бағытталған қажетті іс-шараларды жүргізеді. Ең маңыздысы Банктің жаңа басшылығы клиенттерге сапалы қызмет көрсету және жеке және заңды тұлғаларға арналған сандық онлайн сервистер ендіру деңгейін көтеруге назар аударады. Банк стратегиясына кепілге салынған параметрлерге сәйкес филиал желілерін дамыту бағытын жалғастырады.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *