Журналистер теннис ойнады

208

БАҚ өкілдері арасында үстел теннисінен республикалық турнир өтті.

БАҚ өкілдері арасында үстел теннисінен республикалық турнир өтті. Cпорттық бәсеке «TÚRKISTAN» халықаралық саяси апталығының 25 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған. Турнирге әріптестеріміз  «Қазақ газеттері» серіктестігіне қарасты «Kazgazeta.kz» сайтының бас редакторы Есенгүл Кәпқызы мен «Үркер» басылымының бөлім редакторы Нұрлан Құмар қатысты.

Турнирдің бас жүлдесін Жезқазғаннан арнайы келген «Сарыарқа» аймақтық газетінің фототілшісі Ғалия Әбдіғаппарова иеленді.

Отызға жуық БАҚ өкілдерінің басын қосқан шараға ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, ҚР Үстел теннис федерациясы мен жеке кәсіпкерлер демеуші болды. Қатысушылар ішінде Талдықорған қаласының журналистері айшықты өнер көрсетті. Атап айтсақ, «Талдықорған» газетінің бас редакторы Данияр Сейсенбаев екінші орын, «Огни Алатау» басылымының өкілі Асхат Алтынбеков үшінші орынды қанжығалап қайтты. Тағы бір үшінші орынды «TÚRKISTAN» газетінің 2016 жылға дейінгі қызметкері,  «Kazgazeta.kz» сайтының бас редакторы Есенгүл Кәпқызы иеленді. Онан өзге министрлік тағайындаған арнайы жүлдемен журналист Ақниет Оспанбай, Жандос Айтбайұлы, Есенқұл Тоқтағұл марапатталды.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *