Атыраулық спортшылар жеңіспен оралды

671

Бүгін облыс әкімі Нұрлан Ноғаев Атырау вокзалында бір топ атыраулық спортшыларды күтіп алды, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Щучинск қаласында өткен баскетболдан ерлер арасында Қазақстан Республикасының V жазғы Спартакиада ойындары өткен болатын. Төрт жылда бір рет өтетін бұл сайыста облыс құрамасы қола жүлдеге ие болды. Сондай-ақ, 2004-2005 жылғы жасөспірімдер арасында Қазақстан чемпионатында спортшыларымыз қола жүлдегер атанды.
Қостанай қаласында өткен муай-тайдан ерлер мен әйелдер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтіп, онда жерлестеріміз 4 алтын, 1 күміс және 5 қола медальді қанжығаларына байлап, жалпы командалық есепте екінші орынға ие болды.
Ал, Петропавл қаласында өткен Өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша федерация Кубогінде Атырау облысы құрама командасы жалпы командалық есепте екінші орынға қол жеткізді.
Атырау облысы әкімі Нұрлан Ноғаев барша спортшыларды жеңістерімен құттықтап, алдағы жарыстарға сәттілік тіледі.
Сонымен қатар, бүгін облыс әкімі Тараз және Петропавл қалаларындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінен келген 24 оқушыны күтіп алды. Оқушылар бір аптаның ішінде облысымыздағы тарихи жерлер мен нысандарды аралап, танысатын болады.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *